Металды заңсыз өндіргендердің жазасын жеңілдетуге уәде еткендер сотталды

© Sputnik / Редлих / Медиабанкке өтуЗолотой песок, архивное фото
Золотой песок, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2025
Жазылу
Олар қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын неғұрлым жеңіл түріне өзгертуге жәрдем көрсетеміз деген сылтаумен 10 000 АҚШ долларын беруге көндірген
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі жер қойнауын пайдаланушылардан ақша алу схемасын ұйымдастырған екі азаматқа қатысты алаяқтық дерегі бойынша тергеуді аяқтады.
Еске салсақ, 2025 жылғы қыркүйек айында Самар ауданының "Кенкарын" учаскесінде "Құлынжон" өзенінің арнасын өз бетінше өзгерту арқылы бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобының әрекеті тоқтатылған болатын.
Олардың әрекеттері салдарынан экологиялық залал 54 млн теңгеден асты.
"Осы жағдайды пайдалана отырып, қылмыскерлер күдіктілердің бірін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын неғұрлым жеңіл түріне өзгертуге жәрдем көрсетеміз деген сылтаумен 10 000 АҚШ долларын беруге көндірген", - деп жазылған хабарламада.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған тұлғалар ақша алу кезінде ұсталған.
Сот үкімімен оларға 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Пресс-конференция Нацбанка Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2025
Астанада ірі көлемде ақша жымқырған банк қызметкері ұсталды
Жаңалықтар
0