Бірнеше облыста жол жабылды

© Photo : УЧС ТемиртауТас жол
Тас жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2025
Жазылу
Жолдарды 2025 жылдың 30 желтоқсанында сағат 08:00-де ашу жоспарланған
АСТАНА, 29 желтоқсан - Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста жол жабылғанын хабарлады.
Ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрі қозғалысына шектеу енгізіледі:
Қызылорда облысы:
"РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автомобиль жолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).
"Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті" автомобиль жолының 12-216 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін).
Ақтөбе облысы:
2025 жылғы 29 желтоқсан сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 965-1153 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарабұтақ ауылы – Ырғыз ауылы).
Ұлытау облысы:
"Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті" автомобиль жолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау облысы шекарасынан Жезқазған қаласына дейін).
Жолдарды 2025 жылдың 30 желтоқсанында сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Фуры на трассе - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2025
Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды
Жаңалықтар
0