Астанада Жаңа жыл мерекесіне арналған отшашу қайда өтеді

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанадағы отшашу
Астанадағы отшашу - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2025
Жазылу
Отшашу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады
АСТАНА, 29 желтоқсан - Sputnik. Астана қаласының әкімдігі жаңа жылдық отшашу қайда және қашан болатыны туралы хабарлады.
Астанада 31 желтоқсанда сағат 00:00-де демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатын мерекелік жаңа жылдық отшашу өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Отшашу екі жерде болады: Ботаникалық бақ және "Атырау" көпіріне іргелес аумақ.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарына отшашу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Атырау" көпірі ауданындағы жағалаудың мұзына шығуға қатаң тыйым салынатынын еске саламыз", - деп жазды әкімдікте.
Сонымен қатар жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шара өтеді.
31 желтоқсан сағат 21:00-ден бастап "Қазақ елі" монументінің жанындағы алаңда, "EXPO" аумағында, сондай-ақ қалалық алаңда эстрада жұлдыздарының мерекелік концерттері болады.
Іс-шараға отандық эстрада жұлдыздары Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, Қазыбек Құрайыш, Серік Ибрагимов, Жұбаныш Жексенұлы, Ақбота Керімбекова, "Меломен", "Бәйтерек" топтары және басқа да әртістер қатысады.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2025
Отшашуды көліктің жүк салғышына қойып атқан жүргізуші видеоға түсіп қалды
Жаңалықтар
0