https://sputnik.kz/20251229/astanada-2026-zhyly-pilotsyz-taksi-zhobasy-iske-qosylady-60013661.html
Астанада 2026 жылы пилотсыз такси жобасы іске қосылады
Астанада 2026 жылы пилотсыз такси жобасы іске қосылады
Sputnik Қазақстан
"Yandex Qazaqstan-ның" автономды көлік жобасы кезең-кезеңмен іске қосылады 29.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-29T14:15+0500
2025-12-29T14:15+0500
2025-12-29T14:15+0500
астана
такси
такси жүргізушісі
https://sputnik.kz/img/07e8/01/1d/41898613_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_3a5f45c4a8d6fea44de9da3845080559.jpg
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Астанада 2026 жылдан бастап пилотсыз такси жобасы кезең-кезеңмен іске асырылады. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Көлік министрлігі, Астана қаласының әкімдігі мен Yandex Qazaqstan компаниясы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.Меморандум жүргізушісіз таксиді дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы. Тараптар елордада автономды такси қызметін іске қосу туралы келісімге келді.Меморандум аясында өздігінен жүретін такси жобасы 2026 жылдан бастап кезең-кезеңмен іске асырылады."Yandex Qazaqstan-ның" автономды көлік жобасы кезең-кезеңмен іске қосылады – алдымен пилоттық режимде және тестілеуден басталады. Мұндай формат қалалық ортаның нақты жағдайларын ескеруге мүмкіндік береді. Сервисте диспетчерлік қызметпен тәулік бойғы байланыс және сапарларды сақтандыру қарастырылған."Жүргізушісіз көлікті басқару жүйесі жасанды интеллектіні, жол жағдайын үздіксіз бақылауды және қауіпсіз әрекет ету сценарийлерін қамтитын автономды жүргізудің сынақтан өткен тәсілдеріне негізделеді. Тәжірибе жинақталып, жұмыстың тұрақтылығы расталған сайын қызмет ауқымы кеңейеді", - деді Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шәлекенов.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/1d/41898613_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_9519a4e115feed33275e6f46b9059700.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, такси, такси жүргізушісі
астана, такси, такси жүргізушісі
Астанада 2026 жылы пилотсыз такси жобасы іске қосылады
"Yandex Qazaqstan-ның" автономды көлік жобасы кезең-кезеңмен іске қосылады
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Астанада 2026 жылдан бастап пилотсыз такси жобасы кезең-кезеңмен іске асырылады. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Көлік министрлігі, Астана қаласының әкімдігі мен Yandex Qazaqstan компаниясы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Меморандум жүргізушісіз таксиді дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы. Тараптар елордада автономды такси қызметін іске қосу туралы келісімге келді.
Меморандум аясында өздігінен жүретін такси жобасы 2026 жылдан бастап кезең-кезеңмен іске асырылады.
"Халықаралық зерттеулер деректеріне сүйенсек, автономды технологиялар адам факторын азайту арқылы жол апаты санын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ көлік ағынын оңтайландырып, халықтың әртүрлі топтары, соның ішінде қозғалысы шектеулі азаматтар үшін қолжетімді болады", - дейді министрлік.
"Yandex Qazaqstan-ның" автономды көлік жобасы кезең-кезеңмен іске қосылады – алдымен пилоттық режимде және тестілеуден басталады. Мұндай формат қалалық ортаның нақты жағдайларын ескеруге мүмкіндік береді. Сервисте диспетчерлік қызметпен тәулік бойғы байланыс және сапарларды сақтандыру қарастырылған.
"Жүргізушісіз көлікті басқару жүйесі жасанды интеллектіні, жол жағдайын үздіксіз бақылауды және қауіпсіз әрекет ету сценарийлерін қамтитын автономды жүргізудің сынақтан өткен тәсілдеріне негізделеді. Тәжірибе жинақталып, жұмыстың тұрақтылығы расталған сайын қызмет ауқымы кеңейеді", - деді Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шәлекенов.