https://sputnik.kz/20251229/2025-zhylga-dari-darmek-satyp-alu-kezinde-85-mlrd-tengeden-astam-qarazhat-unemdeldi-60023750.html
2025 жылға дәрі-дәрмек сатып алу кезінде 85 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді
2025 жылға дәрі-дәрмек сатып алу кезінде 85 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді
Sputnik Қазақстан
2026 жылы "СҚ-Фармация" ЖШС 2 мыңнан астам атаудағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жоспарлап отыр 29.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-29T20:56+0500
2025-12-29T20:56+0500
2025-12-29T20:56+0500
министрлік
дәрі-дәрмек
бюджет
https://sputnik.kz/img/07e9/07/16/55827708_0:62:1059:658_1920x0_80_0_0_fdaf62be7fbb13f3a09c0df26aa796db.jpg
АСТАНА, 29 желтоқсан - Sputnik. 2025 жылға дәрі-дәрмектер сатып алу қорытындысы бойынша 85 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.Үнемделген қаражат жыл ішінде емі тағайындалған пациенттерді қоса алғанда, дәрілік заттардың қосымша көлемін сатып алуға бағытталды.Министрлік хабарлауынша, 2026 жылы "СҚ-Фармация" ЖШС 2 мыңнан астам атаудағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жоспарлап отыр. Медициналық ұйымдарға жеткізу қаңтардың алғашқы күндерінен бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.2025 жылы алғаш рет Бірыңғай дистрибьютор 21 млрд теңге сомасында төмендетілмейтін қор қалыптастырды. Құрылған қор дәрілік қамтамасыз ету жүйесінің 2–3 айлық қажеттілігін жабуға және сұраныстың жоспардан тыс өсуіне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20251203/omirlik-manyzy-bar-dari-darmektin-37-y-qazaqstanda-ondiriledi--59325737.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/16/55827708_50:0:1010:720_1920x0_80_0_0_a8602009f8c57dd73cca38f855ae40d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, дәрі-дәрмек, бюджет
министрлік, дәрі-дәрмек, бюджет
2025 жылға дәрі-дәрмек сатып алу кезінде 85 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді
2026 жылы "СҚ-Фармация" ЖШС 2 мыңнан астам атаудағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жоспарлап отыр
АСТАНА, 29 желтоқсан - Sputnik. 2025 жылға дәрі-дәрмектер сатып алу қорытындысы бойынша 85 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді, деп хабарлады денсаулық сақтау
министрлігі.
"Медициналық ұйымдардың нақты қажеттіліктерін ескере отырып дәл жоспарлау, өтпелі қалдықтарды талдау және сатып алу рәсімдерін оңтайландыру нәтижесінде 2025 жылғы дәрілік заттарды сатып алу қорытындысы бойынша үздіксіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қол жеткізіліп, бюджет қаражатынан 85 млрд теңгеден астам қаржы үнемделді", - деп жазылған хабарламада.
Үнемделген қаражат жыл ішінде емі тағайындалған пациенттерді қоса алғанда, дәрілік заттардың қосымша көлемін сатып алуға бағытталды.
Министрлік хабарлауынша, 2026 жылы "СҚ-Фармация" ЖШС 2 мыңнан астам атаудағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жоспарлап отыр. Медициналық ұйымдарға жеткізу қаңтардың алғашқы күндерінен бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
2025 жылы алғаш рет Бірыңғай дистрибьютор 21 млрд теңге сомасында төмендетілмейтін қор қалыптастырды. Құрылған қор дәрілік қамтамасыз ету жүйесінің 2–3 айлық қажеттілігін жабуға және сұраныстың жоспардан тыс өсуіне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.