Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 28 желтоқсан

© Sputnik
Жазылу
28 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
28 желтоқсанда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін — Халықаралық кино күні. Статистикаға сүйенсек, әрбір адам бірнеше күннің ішінде кемінде бір фильм көреді, ал жарты ғасырда 18 мыңға жуық кинотуындыны тамашалайды, ал бұл 27 мың сағатқа тең. 1895 жылдың 28 желтоқсаны тарихқа енді, бұл күні Париждегі "Гранд-кафеде" ағайынды Люмьерлердің арқасында "Пошта пойызының келуі" деген алғашқы кинокартина көрерменге жол тартты.
Испанияда бүгін Күлкі күні аталып өтеді. Бұл күні қорықпай туған-туысқандарыңды, достарыңды алдап, таныс адамдарыңмен әзілдесуге болады. Бұл мерекенің классикалық әзілдері бар, мәселен, қағаздан қиып алынған адамның "мониготе" (испанша monigote — құбыжық) мүсінін біреудің арқасына жапсырып қояды. Бұдан бөлек, испаниялық жігіттер ыдыстағы қанттың орнына тұз салады, сағаттың тілін кейінге шегеріп қояды немесе бүкіл отбасы жұмысқа кешігіп қалуы үшін оятқышты сөндіріп тастайды. Испания тұрғындары, сондай-ақ қарызға ақша алғанды ұнатады, себебі бұл күні алған берешекті қайтармауға болады деп есептеледі.
28 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар
1869 жылы сағыз патенттелді;
1895 жылы Парижде тұңғыш кинокөрсетілім өтті;
2014 жылы Яван теңізінде Indonesia AirAsia әуе компаниясының Airbus A320 ұшағы апатқа ұшырап, 162 адам қаза тапты.
28 желтоқстанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1934 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры ашылды;
1972 жылы "Медеу" мұз айдыны пайдалануға берілді;
1992 жылы Алматыда Пәкістан елшілігі ашылды;
2000 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен Қазақстан Даму банкі құрылды;
2010 жылы "Назарбаев университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектебі" және "Назарбаев қорының" мәртебесі туралы" заң қабылданды;
2011 жылы қазақстандықтарды жүз пайызын цифрлық теле-радио хабарларымен қамтамасыз етуді көздейтін "Теле-радио хабарларын тарату туралы" заң қабылданды.
28 желтоқсанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1954 жылы америкалық актер және кинорежиссер Дензел Вашингтон дүниеге келді;
1965 жылы финдік музыкант, "Stratovarius" негізін қалаушылардың бірі Джон Виерве дүниеге келді;
1978 жылы америкалық әнші, тоғыз рет "Грэмми" сыйлығын алған Джон Ледженд дүниеге келді;
1981 жылы америкалық актриса, дизайнер, модель Сиенна Миллер дүниеге келді.
28 желтоқсанда Қазақстанда кім туды
1912 жылы Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры (1943 ж.) Сәлім Айтқұлов дүниеге келді;
1964 жылы сенат депутаты Арман Өтеғұлов дүниеге келді.