https://sputnik.kz/20251228/2025-zhyly-narestelerge-qoyylgan-en-tanymal-esimder--59906044.html
2025 жылы нәрестелерге қойылған ең танымал есімдер
2025 жылы нәрестелерге қойылған ең танымал есімдер
Sputnik Қазақстан
2025 жылғы тізімге танымал есімдермен қатар жаңалары да кірді 28.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-28T20:03+0500
2025-12-28T20:03+0500
2025-12-28T20:03+0500
инфографика
танымал есімдер
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/0c/59546399_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_f2b254589feff25a332c57e124f72eaf.png
Ұлттық статистика бюросы Sputnik Қазақстанға 2025 жылы жаңа туған нәрестелерге қойылған ең танымал есімдерінің тізімін ұсынды. Көп қойылған есімдер қатарында бұрыннан танымал, сонымен қатар жаңа есімдер де бар.Ұл балаларЕң көп қойылған есімнің бірі - Мұхаммед. Бұл есім 2520 балаға қойылды. Араб есімі мұсылман әлемінде өте танымал және ол исламның негізін қалаушы - Мұхаммед пайғамбардың құрметіне беріледі.Үштіктің ішінде Әлихан және Айсұлтан қалып отыр. Әлихан есімі 2321 балаға, ал Айсұлтан есімі 2299 балаға қойылған.Ең көп қойылатын есімдер қатарында Омар, Алдияр, Алан, Мұхаммад, Әмір, Хамза және Әли бар. Бұл есімдер өткен жылы да көп қойылған.2025 жылдың тізімінде жаңа есімдер де бар, олар - Әлтайыр, Айбар, Нұрислам, Әлинұр және Ислам.Қыздар Былтыр Айлин есімі көш бастаған еді, биыл да көптеген қызға осы есім берілген. 2025 жылы Айлин есімді 5280 қыз дүниеге келді.Одан кейін Асылым (4289) және Медина (3936). Бұл есімдер де тұрақты үздік үштіктің қатарында қалып отыр. 2025 жылы көп қойылған есімдер тізіміне Айша, Томирис, Мәриям, Сафия, Аяла, Әдия, Айым, Раяна, Әмина, Хадиша, Зере және Хадия есімдері кіреді. Тізімге жаңа енген есімдер - Әдия, Әмина, Зере, Хадиша және Хадия.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/0c/59546399_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_57d37e8bf7c9db943805d5b1bdb004d6.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
танымал есімдер, инфографика
танымал есімдер, инфографика
2025 жылы нәрестелерге қойылған ең танымал есімдер
2025 жылғы тізімге танымал есімдермен қатар жаңалары да кірді
Ұлттық статистика бюросы Sputnik Қазақстанға 2025 жылы жаңа туған нәрестелерге қойылған ең танымал есімдерінің тізімін ұсынды. Көп қойылған есімдер қатарында бұрыннан танымал, сонымен қатар жаңа есімдер де бар.
Ең көп қойылған есімнің бірі - Мұхаммед. Бұл есім 2520 балаға қойылды. Араб есімі мұсылман әлемінде өте танымал және ол исламның негізін қалаушы - Мұхаммед пайғамбардың құрметіне беріледі.
Үштіктің ішінде Әлихан және Айсұлтан қалып отыр. Әлихан есімі 2321 балаға, ал Айсұлтан есімі 2299 балаға қойылған.
Ең көп қойылатын есімдер қатарында Омар, Алдияр, Алан, Мұхаммад, Әмір, Хамза және Әли бар. Бұл есімдер өткен жылы да көп қойылған.
2025 жылдың тізімінде жаңа есімдер де бар, олар - Әлтайыр, Айбар, Нұрислам, Әлинұр және Ислам.
Былтыр Айлин есімі көш бастаған еді, биыл да көптеген қызға осы есім берілген. 2025 жылы Айлин есімді 5280 қыз дүниеге келді.
Одан кейін Асылым (4289) және Медина (3936). Бұл есімдер де тұрақты үздік үштіктің қатарында қалып отыр.
2025 жылы көп қойылған есімдер тізіміне Айша, Томирис, Мәриям, Сафия, Аяла, Әдия, Айым, Раяна, Әмина, Хадиша, Зере және Хадия есімдері кіреді.
Тізімге жаңа енген есімдер - Әдия, Әмина, Зере, Хадиша және Хадия.