Қайтарылған активтер: Риддерде жаңа аурухана ашылды

Риддерде жаңа аурухана ашылды
Риддерде жаңа аурухана ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2025
Жазылу
Жаңа медициналық кешенде 530-дан астам маман жұмыс істейтін болады
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Риддерде жаңа аурухана ашылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Риддердің 50 мыңнан астам тұрғыны алғаш рет заманауи медициналық технологияларға және мамандандырылған көмектің кең спектріне қол жеткізе алады. Мұнда мемлекет меншігіне қайтарылған активтердің есебінен ауданы 40 мың шаршы метр аурухана кешені салынды.
Бұрын Риддердің ауруханалық инфрақұрылымы тозып, адамдар медициналық көмекке облыс орталығына және басқа қалаларға баруға мәжбүр болған.
"Қазір бұл заманауи көпбейінді медициналық кешен, оның ішінде 200 төсекке дейін кеңейтілген стационар, диагностика мен емдеуден бастап оңалтуға дейінгі қызметтердің толық спектрін алатын ересектер мен балаларға арналған бір ауысымда 500 адамды қабылдауға арналған емхана орналасқан", - деп жазыхлған хабарламада.
Жаңа медициналық кешенде 530-дан астам маман жұмыс істейтін болады.
Қала тұрғындары үшін инсульт орталығының, реанимация және қарқынды терапияның, перзентханалардың, төрт залға арналған операциялық блоктың, жедел жәрдем қабылдау-диагностикалық бөлімшесінің болуы ерекше мәнге ие.
Стоматологиялық кабинет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2025
Биыл елдегі мектептерде 120-дан астам стоматологиялық кабинет ашылды
Жаңалықтар
0