"Болашақ" стипендиясына өзгеріс енгізіледі

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуСтуденты в аудитории, архивное фото
Студенты в аудитории, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2025
Жазылу
2026 жылы кәсіби тағылымдамаларға қатысушылар үшін "Жасанды интеллект жүйесін пайдаланушылар" атты жаңа санат бекітілді
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Биылдан бастап "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағы екі маңызды бағыт бойынша тағайындалады , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия президенттің тапсырмасын ескере отырып, жасанды интеллект саласындағы мамандарды дайындауға басымдық беріп отыр.
"Осыған орай, 2026 жылы кәсіби тағылымдамаларға қатысушылар үшін "Жасанды интеллект жүйесін пайдаланушылар" атты жаңа санат бекітілді", - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, комиссия отырысында биылдан бастап магистратура, докторантура, тағылымдама бойынша атом энергетикасы саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған арнайы санатты енгізу туралы шешім қабылданды.
Айта кетері, бүгін "Болашақ" халықаралық стипендия иегерлерінің тізімі жарияланды.
Как поспасть в число стипендиатов Болашак - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Білім
"Болашақ" стипендиясы мен ғылыми тағылымдамаға құжат қабылдау басталды
Жаңалықтар
0