Вьетнамнан Алматыға ұшқан Air Astana рейсі әуежайға қайта оралды

© Photo : Официальный телеграм-канал Air AstanaСамолет Air Astana
Самолет Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2025
Жазылу
Рейс 27 желтоқсанға, жергілікті уақыт бойынша сағат 04.00-ге дейін кейінге қалдырылды
АЛМАТЫ, 26 желтоқсан – Sputnik. Вьетнамнан Алматыға ұшқан ұшақтың әжетханасы істемей қалып, әуежайға оралды, деп хабарлайды Air Astana.
26 желтоқсанда КС 162 Фукуок-Алматы рейсін орындаған Air Astana ұшағы әуежайға қайта оралды.
"Ұшақта барлық дәретхананың істен шыққанына байланысты әужайға қайтып оралды. Әуе кемесі жергілікті уақыт бойынша 10 сағат 04 минутта ұшып шығып, 14 сағат 14 минутта аман-есен қонды. Қазір ақауларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді компания.
Рейс 27 желтоқсанға, жергілікті уақыт бойынша сағат 04.00-ге дейін кейінге қалдырылды. Ыстық тамақ пен сусындар ұсынылды. Әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге жеткізу және орналастыру мәселелерімен айналасып жатыр.
Air Astana рейс кешіккені үшін жолаушылардан кешірім сұрады.
Самолет авиакомпании VietJet - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2025
VietJet ұшағы Қарағандыға дейін ұшып, Астанаға қайта оралды
Жаңалықтар
0