https://sputnik.kz/20251226/aqsh-pen-ukraina-arasyndagy-zhospardyn-basym-boligi-kelisilgen--axios-59962812.html
АҚШ пен Украина арасындағы жоспардың басым бөлігі келісілген – Axios
АҚШ пен Украина арасындағы жоспардың басым бөлігі келісілген – Axios
Sputnik Қазақстан
Оның ішінде қауіпсіздік кепілдіктері де бар 26.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-26T20:15+0500
2025-12-26T20:15+0500
2025-12-26T20:15+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/02/01/50475018_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_4d5b59289f7752dc16b590a3ef261b34.jpg
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. АҚШ пен Украина арасындағы жоспардың көп бөлігі екі тарап арасында келісілген, деп жазды Axios порталы украиналық және америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап.Бұған дейін АҚШ әкімшілігі Украинадағы жағдайды реттеу жоспары әзірленіп жатқанын хабарлаған болатын. Кремль Ресей келіссөзге ашық екенін мәлімдеп, Анкоридж форматындағы келіссөздер аясында диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.Ресей президенті Владимир Путин 2 желтоқсанда Кремльде АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффты және АҚШ басшысының күйеу баласы Джаред Кушнерді қабылдады.АҚШ өкілдерінің Ресейге сапары Украина бойынша АҚШ-тың бейбітшілік жоспарын талқылау процесімен байланысты болды. Путиннің айтуынша, америкалық тарап 27 тармақты төрт пакетке бөліп, оларды жеке-жеке талқылауды ұсынған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/01/50475018_337:0:1777:1080_1920x0_80_0_0_c32b5be04041254fd5bd0a974adca309.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АҚШ пен Украина арасындағы жоспардың басым бөлігі келісілген – Axios
Оның ішінде қауіпсіздік кепілдіктері де бар
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. АҚШ пен Украина арасындағы жоспардың көп бөлігі екі тарап арасында келісілген, деп жазды Axios порталы украиналық және америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап.
"Келісімнің басым бөлігі АҚШ пен Украина арасында келісілген, оның ішінде Киев АҚШ пен Еуропадан алатын қауіпсіздік кепілдіктері бар", – деп жазылған порталдың хабарламасында.
Бұған дейін АҚШ әкімшілігі Украинадағы жағдайды реттеу жоспары әзірленіп жатқанын хабарлаған болатын. Кремль Ресей келіссөзге ашық екенін мәлімдеп, Анкоридж форматындағы келіссөздер аясында диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Ресей президенті Владимир Путин 2 желтоқсанда Кремльде АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффты және АҚШ басшысының күйеу баласы Джаред Кушнерді қабылдады.
АҚШ өкілдерінің Ресейге сапары Украина бойынша АҚШ-тың бейбітшілік жоспарын талқылау процесімен байланысты болды. Путиннің айтуынша, америкалық тарап 27 тармақты төрт пакетке бөліп, оларды жеке-жеке талқылауды ұсынған.