Алматы тауында үш адам жоғалып кетті: біреуінің мәйіті табылды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоКольсайские озера
Кольсайские озера  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2025
Жазылу
Дене төмен түсіріліп, полиция қызметкерлеріне тапсырылды
АЛМАТЫ, 26 желтоқсан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары таулы аймақта іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
26 желтоқсанға қараған түні Алматы қаласы ТЖД 112 пультіне әйелден хабарлама келіп түскен.
"Ол бауыры екі досымен бірге 24 желтоқсан күні таңертең тауға кетіп, қайта оралмағанын айтты. Із-түзсіз кеткендердің ұялы телефонмен байланысқа шықпағанына 12 сағаттан асқан", - дейді департамент.
Хабар түскеннен кейін ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылды: оның ішінде Республикалық жедел жасағы, ТЖМ-нің апаттық медицина орталығы, Құтқару қызметінің мамандары, полиция қызметкерлері мен еріктілер бірден іздеу аймағына барған.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы көтерілді. Ұшу барысында құтқарушылар "Тұйықсу" мұздығы, "Мыңжылқы" шатқалы мен "Локомотив" шыңы аумағын шолып шықты.

"Іздестіру барысында ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы "Локомотив" шыңы маңынан бір адамның денесі табылды. Дене теңіз деңгейінен 3700 метр биіктіктен төмен түсіріліп, кейін полиция қызметкерлеріне тапсырылды", - дейді құтқарушылар.

Сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Марқұмның туыстарына психологтар мен медициналық қызметкерлер тарапынан қажетті көмек көрсетілуде.
Қалған екі азаматтың орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
0