5 мыңнан астам баланың құқығы қорғалды - министрлік

© Photo : Esi GrünhagenРебенок играет
Ребенок играет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2025
Жазылу
Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдардың қызметіне 120-дан астам тексеріс жүргізілді
АСТАНА, 26 желтоқсан - Sputnik. 3 заң қабылданып, 5000-нан астам баланың құқығы қорғалды, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
"2025 жылы бала құқығын қорғау саласында заңнаманы жетілдіру мен бақылауды күшейтуге айрықша басымдық берілді. Жылдың ең басты нәтижесі – 3 Заң мен 11 нормативтік құқықтық актінің қабылдануы. Сондай-ақ, бақылау шараларының арқасында 5000-нан астам баланың құқығы қалпына келтірілді", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік заңды өкілдерге қойылатын талаптар күшейтілгенін еске салды.
Заңнамалық реформалармен қатар, бала құқықтарын қорғау саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдардың қызметіне 120-дан астам тексеріс жүргізілді.
Осы шаралардың нәтижесінде жүйелі заң бұзушылықтар анықталып, 5000-нан астам баланың құқығы қалпына келтірілді және 40-қа жуық лауазымды тұлға жауапқа тартылды.
Бала құқықтарын қорғау комитеті интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2025
Бала құқықтарын қорғау комитеті интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Жаңалықтар
0