Жыл басынан бері 15 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

© Sputnik / Мурад Оруджев / Медиабанкке өтуҚазақстан төлқұжаты
Қазақстан төлқұжаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2025
Жазылу
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. 2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 162,9 мың этникалық қазақ оралды.
Биыл Қазақстанға келген қандастардың елдерге шаққандағы пайыздық көрсеткіші мынандай:
Өзбекстаннан - 44,5%;
Қытайдан - 43,6%;
Түрікменстаннан - 4,1%;
Монғолиядан - 3%;
Ресейден - 2,5%
басқа елдерден - 2,3%.
Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 34%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15%-ы жоғары білімді, 27,6%-ы орта кәсіби білімді, 51,1%-ы жалпы орта білімді, және 6,3% білім жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды, дейді министрлікте.
В Мангистаускую область прибыли кандасы из Исламской Республики Иран - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2025
Қазақстан аймақтары 2025 жылы қанша қандас қабылдайды
Жаңалықтар
0