https://sputnik.kz/20251225/politsiya-adamdar-kop-zhinalatyn-zherlerde-qauipsizdik-sharalaryn-kusheytti-59941145.html
Полиция адамдар көп жиналатын жерлерде қауіпсіздік шараларын күшейтті
Полиция адамдар көп жиналатын жерлерде қауіпсіздік шараларын күшейтті
Sputnik Қазақстан
Бұл шаралар 20 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін жалғасады 25.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-25T18:56+0500
2025-12-25T18:56+0500
2025-12-25T18:54+0500
полиция
жаңа жыл
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_a3581cc1f5757b1c91e68b714687aac9.jpg
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ішкі істер министрлігі еліміз бойынша "Құқықтық тәртіп", "Шырша" және "Пиротехника" атты жедел алдын алу іс-шараларын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.Мереке күндердің тыныш, қауіпсіз әрі оқыс оқиғаларсыз өтуіне бағытталған бұл шаралар 20 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін жалғасады. Аталған іс-шаралардың басты мақсаты – қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау. Әрбір азаматтың жаңа жылды отбасымен, көшеде немесе мерекелік алаңдарда өміріне, денсаулығына және мүлкіне қауіп төнбестен қарсы алуы үшін жағдай жасау.Алдын алу және түсіндіру жұмыстары, соның ішінде жасөспірімдер мен жастар арасында жүргізілуде, жол қозғалысы ережелерінің, көші-қон заңнамасының сақталуына бақылау жасалуда, сондай-ақ алкогольдің, есірткінің және өзге де тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына тосқауыл қойылуда.Дәл жаңа жыл қарсаңында отшашу мен петардаларды дұрыс қолданбаудың салдарынан жарақат алу, өрт шығу және жазатайым оқиғалар саны күрт артады. Осыған байланысты полиция өртке қарсы қызметпен бірлесіп, пиротехникалық бұйымдардың айналымын бақылау бойынша жыл сайын арнайы іс-шаралар өткізеді.Полиция пиротехникалық бұйымдарды арнайы және ресми сауда орындарынан ғана сатып алуға кеңес берді.Биыл төрт мыңнан астам тексеру жүргізіліп, шамамен бес жүз заң бұзушылық анықталды, сегіз мыңнан астам сертификатталмаған әрі қауіпті пиротехникалық өнім тәркіленді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_65ef81c5601cd75bd45ed9331a35d6fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, жаңа жыл
Полиция адамдар көп жиналатын жерлерде қауіпсіздік шараларын күшейтті
Бұл шаралар 20 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін жалғасады
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ішкі істер министрлігі еліміз бойынша "Құқықтық тәртіп", "Шырша" және "Пиротехника" атты жедел алдын алу іс-шараларын өткізіп жатыр, деп хабарлайды
Polisia.kz. Мереке күндердің тыныш, қауіпсіз әрі оқыс оқиғаларсыз өтуіне бағытталған бұл шаралар 20 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін жалғасады. Аталған іс-шаралардың басты мақсаты – қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау. Әрбір азаматтың жаңа жылды отбасымен, көшеде немесе мерекелік алаңдарда өміріне, денсаулығына және мүлкіне қауіп төнбестен қарсы алуы үшін жағдай жасау.
"Полиция басқа да қызметтермен бірлесіп, көшелерде, аулаларда, сауда орындарында және адамдар көп жиналатын жерлерде патрульдеуді күшейтті", - дейді полицейлер.
Алдын алу және түсіндіру жұмыстары, соның ішінде жасөспірімдер мен жастар арасында жүргізілуде, жол қозғалысы ережелерінің, көші-қон заңнамасының сақталуына бақылау жасалуда, сондай-ақ алкогольдің, есірткінің және өзге де тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына тосқауыл қойылуда.
Дәл жаңа жыл қарсаңында отшашу мен петардаларды дұрыс қолданбаудың салдарынан жарақат алу, өрт шығу және жазатайым оқиғалар саны күрт артады. Осыған байланысты полиция өртке қарсы қызметпен бірлесіп, пиротехникалық бұйымдардың айналымын бақылау бойынша жыл сайын арнайы іс-шаралар өткізеді.
Полиция пиротехникалық бұйымдарды арнайы және ресми сауда орындарынан ғана сатып алуға кеңес берді.
"Сәйкестік сертификатының болуына назар аударыңыздар, қолдану нұсқаулығын мұқият оқып шығып, өнімнің жарамдылық мерзімін міндетті түрде тексеру қажет. Мерзімі өткен пиротехниканы қолдануға, сондай-ақ оны балалардың ересектердің бақылауынсыз пайдалануына қатаң тыйым салынады", - дейді тәртіп сақшылары.
Биыл төрт мыңнан астам тексеру жүргізіліп, шамамен бес жүз заң бұзушылық анықталды, сегіз мыңнан астам сертификатталмаған әрі қауіпті пиротехникалық өнім тәркіленді.