Әлемдік рейтинг: Әбужақынова 2025 жылды бірінші орынмен аяқтады

Абиба Абужакынова - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2025
Жазылу
Басқа қазақстандық дзюдошылар үздік ондыққа ене алмады
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Дзюдодан спорт маусымы аяқталды. Әлемдік турдағы соңғы жарыс Жапонияның Токио қаласында өткен Grand Slam турнирі болды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.
Қазақстан құрамасы бұл жарысқа қатысқан жоқ. Алайда бұл Әбиба Әбужақынованың әлемдік рейтингтегі көшбасшылық орнын сақтап қалуына кедергі келтірмеді.
"Жыл соңында қазақстандық спортшының еншісінде 5096 ұпай бар. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде рейтингтің бірінші сатысында тұр", - деп жазылған хабарламада.
Өкінішке қарай, басқа қазақстандық дзюдошылардың ешқайсысы үздік ондыққа ене алмады. Дегенмен Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) пен Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) бұл межеге жақын болған еді. Екеуі де 14-орында тұр.
Айта кетері, биыл Әбиба Әбужақынова Венгрияның Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.
Жаңалықтар
0