Әкесін аяусыз ұрып-соққан түркістандық 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2025
Жазылу
Тергеу барысында полиция қарияның неден қайтыс болғанын анықтау үшін эксгумация жасаған
АСТАНА, 25 желтоқсан - Sputnik. Әкесін аяусыз ұрып-соққан түркістандық 10 жылға дейін сотталуы мүмкін, деп хабарлады Түркістан облыстық соты.
Оған адамның дәрменсіз екенін көре тұра азаптау және денсаулыққа қасақана зиян келтіру баптары бойынша айып тағылды.
Желіде 40 жастағы тамада жігіттің өз әкесін аяусыз ұрғаны туралы видео тараған болатын.
Ерлі-зайыпты қарияны аулада сүйреп жүргенін көршісі түсіріп алған. Ол зейнеткердің қазасынан кейін кадрды жариялап, полицияға жүгінеді. Кейіннен полиция оларға қаатысты қылмыстық іс қозғады.
Тергеу барысында полиция қарияның неден қайтыс болғанын анықтау үшін эксгумация жасаған.
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2025
Әкесін аяусыз ұрған ер адам мен оның әйеліне қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар
0