https://sputnik.kz/20251224/smayylov-almatyda-zhurgizilgen-memlekettik-audittin-aldyn-ala-qorytyndysyn-zhariyalady-59894342.html
Смайылов Алматыда жүргізілген мемлекеттік аудиттің алдын ала қорытындысын жариялады
Смайылов Алматыда жүргізілген мемлекеттік аудиттің алдын ала қорытындысын жариялады
Sputnik Қазақстан
Тасымалдаушыларға субсидия төлеу кезінде 2,3 млрд теңге негізсіз аудаылған 24.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-24T13:40+0500
2025-12-24T13:40+0500
2025-12-24T13:38+0500
әлихан смайылов
алматы
жоғары аудиторлық палата
https://sputnik.kz/img/07e9/07/12/55757577_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_6634bd5f1f1fdf96ce9af677dc53e86e.jpg
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілісте өткен БАҚ-қа арналған брифинг барысында Алматы қаласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік аудиттің алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы аудит әлі аяқталу кезеңінде екенін атап өтті.Мысалы, Құрылыс басқармасы 2022 жылдан бастап "Жас қанат" шағын ауданында 7 тұрғын үй кешенін салуды аяқтамаған, сондай-ақ 13,3 млрд теңге сомасына пайдалануға берілген 12 тұрғын үй кешені тұрғын үй қорына берілмеген."Бұған себеп – іргелес аумаққа абаттандыру жүргізілмеген. Абаттандыруды аяқтау бойынша уақытылы шаралар қабылданса, кезекте тұрған шамамен 1,5 мың адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуге болар еді", — деді Әлихан Смайылов.Сонымен қатар Қалалық мобильділік басқармасы тасымалдаушыларға субсидия төлеу кезінде көптеген заң бұзушылыққа жол берген. Барлығы 2,3 млрд теңге негізсіз төленген.Сондай-ақ аудит кезінде жалпы құны 64 млрд теңгені құрайтын 628 жаңа автобус пайдаланылмай тұрған. Мұның себебі – айыппұл бойынша қалыптасқан берешекке байланысты құжаттарды ұзақ уақыт бойы ресімдеу."Аудит аяқталғаннан кейін отырыс өтеді. Заңбұзушылықтардың сипатына қарай тиісті лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады", — деп қорытындылады Әлихан Смайылов.132 млрд теңгеге қаржылық есептің бұрмаланғаны, 13 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.14 материал құқық қорғау органдарына жіберіледі. Әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 105 материал жолданды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/12/55757577_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_dc824fc1d12cfe3cb73508c25e6bfdb9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов, алматы, жоғары аудиторлық палата
әлихан смайылов, алматы, жоғары аудиторлық палата
Смайылов Алматыда жүргізілген мемлекеттік аудиттің алдын ала қорытындысын жариялады
Тасымалдаушыларға субсидия төлеу кезінде 2,3 млрд теңге негізсіз аудаылған
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілісте өткен БАҚ-қа арналған брифинг барысында Алматы қаласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік аудиттің алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы аудит әлі аяқталу кезеңінде екенін атап өтті.
"Аудит 15 ұйым мен 1,6 трлн теңге мөлшеріндегі қаражатты қамтиды. Тексеру барысында бірқатар бұзушылықтар мен проблемалар анықталды", - деді Смайылов.
Мысалы, Құрылыс басқармасы 2022 жылдан бастап "Жас қанат" шағын ауданында 7 тұрғын үй кешенін салуды аяқтамаған, сондай-ақ 13,3 млрд теңге сомасына пайдалануға берілген 12 тұрғын үй кешені тұрғын үй қорына берілмеген.
"Бұған себеп – іргелес аумаққа абаттандыру жүргізілмеген. Абаттандыруды аяқтау бойынша уақытылы шаралар қабылданса, кезекте тұрған шамамен 1,5 мың адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуге болар еді", — деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар Қалалық мобильділік басқармасы тасымалдаушыларға субсидия төлеу кезінде көптеген заң бұзушылыққа жол берген. Барлығы 2,3 млрд теңге негізсіз төленген.
"Алматыэлектротранс" та өз кезегінде 260 млн теңге сомасына жүргізушілердің әкімшілік айыппұлдарын төлеген. Алайда бұл айыппұлдарды төлеуге міндетті емес", — деп атап өтті төраға.
Сондай-ақ аудит кезінде жалпы құны 64 млрд теңгені құрайтын 628 жаңа автобус пайдаланылмай тұрған. Мұның себебі – айыппұл бойынша қалыптасқан берешекке байланысты құжаттарды ұзақ уақыт бойы ресімдеу.
"Аудит аяқталғаннан кейін отырыс өтеді. Заңбұзушылықтардың сипатына қарай тиісті лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады", — деп қорытындылады Әлихан Смайылов.
132 млрд теңгеге қаржылық есептің бұрмаланғаны, 13 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.
14 материал құқық қорғау органдарына жіберіледі. Әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 105 материал жолданды.