Шығыс Қазақстанда генерал ардагерді Аяз ата кейпінде құттықтады

© Sputnik / Владимир АстапковичДед Мороз на шоу-мюзикле "Затерянный мир"
Дед Мороз на шоу-мюзикле Затерянный мир - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2025
Жазылу
Жаңа жыл мерекесі соғыс ардагері Құрмет Рахымовтың шаңырағына қуаныш сыйлады
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков Аяз ата киімін киіп, Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері Құрмет Рахымовты құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Полиция генерал-майоры Ақшақармен бірге ардагердің шаңырағында болып, ақсақалға мықты денсаулық, қажымас қайрат тіледі.
"Қария бастапқыда ертегі кейіпкерінің кейпіндегі қонақты танымай, таңырқай қарады. Алайда генерал "бетпердесін" шешкен сәтте, қарияның жүзінде шынайы қуаныш ұялап, жанары мейірімге толды", - дейді полиция қызметкерлері.
Осы бір мезетте ғасыр жасаған ардагер ғажайыптарға сенетін балалық шағына қайта оралғандай әсерде болды.
102 жасқа толған ақсақалдың өмір жолы — табандылық пен ерліктің, Отанға деген жанқиярлық қызметтің шынайы үлгісі.
Жаңалықтар
0