Алматыда "мектепке бомба қойдық" деп хабарлаған оқушылар ұсталды

© Sputnik/Бахытгуль ЖилкибаеваПолиция таспасы
Полиция таспасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2025
Жазылу
Олар мұны оқу процесін бұзу мақсатында жасағаны белгілі болды
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Алматыда телефонмен бұзақылық жасаған мектеп оқушылары ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Алматыдағы №10 орта мектебінде оқитын үш жасөспірім білім беру мекемесінде жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан. Олар мұны оқу процесін бұзу мақсатында жасағаны белгілі болды.
"Тексеру нәтижесінде хабарлама расталмады, қауіптің жалған екені анықталды. Қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірімдердің бұл әрекетті саналы түрде жасағаны белгілі болды", - дейді полиция.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері ретінде олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Түрмедегі қоршау сым - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2025
Түрмедегі таксофонмен бомба туралы хабарлаған ер адамға үкім шықты
Жаңалықтар
0