"Адам ағзаларын саудалаған": украиналық әйел Польшадан Қазақстанға экстрадицияланды

© Photo : Пресс-служба Генеральной прокуратуры КазахстанаПодозреваемую в торговле органами украинку экстрадировали из Польши в Казахстан
Подозреваемую в торговле органами украинку экстрадировали из Польши в Казахстан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2025
Жазылу
Ол 5 жыл бойы халықаралық іздеуде болған
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы Украина азаматы Польшадан экстрадицияланғанын хабарлады.
Әйел 2017-2018 жылдар аралығында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі бола отырып, адам ағзаларын заңсыз сатып алу-сатумен айналысқан деген күдікке ілінді.
"Оның рөлі донорлар мен реципиенттер іздеу және олардың арасындағы кездесулерді ұйымдастыру, органдарды сатып алу-сату мен трансплантациялау операцияларын құпия ұстау және ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз ету болды", - деп жазылған хабарламада.
Жалпы алғанда, қылмыстық топ мүшелері Қазақстан аумағында және басқа елдерде тірі адамдардың органдарымен 56 заңсыз мәміле жасап, яғни Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында сатып алу-сату және кейіннен трансплантациялауды ұйымдастырған.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, 5 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.
Ағымдағы жылдың наурыз айында ол Польша шекарасын кесіп өтпек болған кезде ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айта кетейік, бұған дейін бұл қылмыстық ұйымның 2 мүшесі Түркия мен Ресейден қайтарылған болатын.
Главы ДУМК и Минздрава Казахстана провели встречу - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2025
Ағза донорлығы мен вакцинация: денсаулық министрі бас мүфтимен кездесті
Жаңалықтар
0