https://sputnik.kz/20251223/qatelik-zhasadym-mangystau-akimi-nekesiz-tugan-uly-turaly-suraqqa-zhauap-berdi-59872283.html
"Қателік жасадым": Маңғыстау әкімі некесіз туған ұлы туралы сұраққа жауап берді
"Қателік жасадым": Маңғыстау әкімі некесіз туған ұлы туралы сұраққа жауап берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өзінің некесіз туған ұлына... 23.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-23T18:46+0500
2025-12-23T18:46+0500
2025-12-23T18:44+0500
маңғыстау облысы
неке
азаматтық неке
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/14/49425023_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_64bfc06e031662a6d35b7a5e2282cb0f.jpg
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өзінің некесіз туған ұлына қатысты сұраққа ашық жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оның айтуынша, заңға сәйкес алимент төлеп отыр.Алайда қанша көлемде алимент төлеп отырғанын айта алмады.Бұған дейін Нұрдаулет Қилыбай облыс мәслихатының бұрынғы депутаты Ынташ Наурызованың ұлының әкесі деп танылды.
https://sputnik.kz/20200313/Marat-Omarov-nemere-13066319.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/14/49425023_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_801c1ffd823d77769932247613442aea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, неке, азаматтық неке
маңғыстау облысы, неке, азаматтық неке
"Қателік жасадым": Маңғыстау әкімі некесіз туған ұлы туралы сұраққа жауап берді
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өзінің некесіз туған ұлына қатысты сұраққа ашық жауап берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Оның айтуынша, заңға сәйкес алимент төлеп отыр.
"Бұл – менің жеке өмірім. Желіде ақпарат "сот ДНҚ арқылы баласы деп тануды міндеттеді" деп тарады. Бұл шындыққа жанаспайды. "Сот менің өтінішімді қанағаттандырды" деп айтқан дұрыс болады. Себебі 2021 жылы туған баланы ұлым деп тану үшін сотқа өзім жүгіндім. Қазір заңға сәйкес алимент төлеп отырмын", – дейді облыс әкімі.
Алайда қанша көлемде алимент төлеп отырғанын айта алмады.
"Жалақымның 20%-ы көлемінде төленеді. Оны бухгалтериядан сұрау керек. Осындай жағдай болды. Өкінемін. Менің бір кездері жасаған қателігім", – дейді Қилыбай.
Бұған дейін Нұрдаулет Қилыбай облыс мәслихатының бұрынғы депутаты Ынташ Наурызованың ұлының әкесі деп танылды.