Дүниежүзілік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім қабылдады

Жанибек Алимханулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2025
Жазылу
Допинг сынамасының "B" үлгісін ашу 8 қаңтарға жоспарланған
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) допинг дауына қарамастан қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлының мәртебесін сақтап қалды, деп хабарлайды 1bol.kz порталы.
WBO жаңартқан рейтингте Әлімханұлы әлі де өз салмағында әлем чемпионы ретінде көрсетілген. Ал басты үміткерлер үштігіне британиялық Дензел Бентли, венесуэлалық Эндри Сааведра және кубалық Йоэнлис Эрнандес енген.
Еске сала кетейік, 7 желтоқсанға жоспарланған Жәнібек Әлімханұлы мен WBA чемпионы Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жекке санаулы күн қалғанда қазақстандық боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған еді. Соның салдарынан жекпе-жек кейінге шегеріліп, WBO бұл жағдайға байланысты ішкі тергеу бастаған.
Допинг сынамасының "B" үлгісін ашу 8 қаңтарға жоспарланған. Егер екінші сынама да оң нәтиже көрсетсе, Жәнібек Әлімханұлы дисквалификацияға ұшырап, чемпиондық белбеулерінен айырылуы мүмкін.
Казахстанский боксер Жанибек Алимханулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2025
Жәнібек Әлімханұлының менеджері допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0