https://sputnik.kz/20251223/beyzhin-til-zhane-madeniet-universitetinin-rektory-dostyq-ordenimen-marapattaldy-59854919.html
Бейжің тіл және мәдениет университетінің ректоры "Достық" орденімен марапатталды
Бейжің тіл және мәдениет университетінің ректоры "Достық" орденімен марапатталды
Sputnik Қазақстан
2024 жылы Астанада аталған университеттің филиалы ашылған болатын 23.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-23T16:46+0500
2025-12-23T16:46+0500
2025-12-23T16:44+0500
бейжің
достық ордені
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/16/58996495_0:57:1078:663_1920x0_80_0_0_e3549e2ef43ea484ca08c3d8b6c4e703.jpg
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның Қытайдағы елшілігінде Бейжің тіл және мәдениет университетінің ректоры Дуань Пэнды II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі.Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік награданы елші Шахрат Нұрышев табыстады.Кездесудің аясында ғылым-білім беру саласындағы өзара іс-қимылдардың келешегі, соның ішінде оқытуда жасанды интеллект технологияларын дамыту, білікті лингвист-қытайтанушыларды даярлау, сондай-ақ бірлескен академиялық бағдарламаларды кеңейту сұрақтары талқыланды.Ал Дуань Пэн қолданбалы лингвистика және цифрлық оқыту саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері туралы айтып, қазақ білім беру және ғылыми мекемелерімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қызығушылық білдірді.Айта кетері, Бейжің тіл және мәдениет университеті 1962 жылы құрылған және Қытайдағы шетел азаматтарына қытай тілін, мәдениетін және халықаралық коммуникацияны оқытуға мамандандырылған жетекші жоғары оқу орны болып саналады.2024 жылы 3 шілдеде Астана Халықаралық университетінің негізінде Бейжің тіл және мәдениет университетінің Астана қаласындағы филиалының салтанатты ашылуы өтті.
бейжің
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/16/58996495_59:0:1019:720_1920x0_80_0_0_d90f04d453607e7703300b588e71400a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бейжің, достық ордені
Бейжің тіл және мәдениет университетінің ректоры "Достық" орденімен марапатталды
2024 жылы Астанада аталған университеттің филиалы ашылған болатын
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның Қытайдағы елшілігінде Бейжің тіл және мәдениет университетінің ректоры Дуань Пэнды II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік награданы елші Шахрат Нұрышев табыстады.
"Рәсімнің барысында елші Дуань Пэнның қазақ-қытай гуманитарлық және білім беру ынтымақтастығын дамытуға, сондай-ақ академиялық алмасуларды кеңейтуге қосқан елеулі үлесін атап өтті. Қытай тілін білетін мамандарды даярлаудың жетекші орталықтарының бірі ретінде Бейжің тіл және мәдениет университетінің Астанадағы филиалының рөлі ерекше аталып өтті", - деп жазылған хабарламада.
Кездесудің аясында ғылым-білім беру саласындағы өзара іс-қимылдардың келешегі, соның ішінде оқытуда жасанды интеллект технологияларын дамыту, білікті лингвист-қытайтанушыларды даярлау, сондай-ақ бірлескен академиялық бағдарламаларды кеңейту сұрақтары талқыланды.
Ал Дуань Пэн қолданбалы лингвистика және цифрлық оқыту саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері туралы айтып, қазақ білім беру және ғылыми мекемелерімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қызығушылық білдірді.
Айта кетері, Бейжің тіл және мәдениет университеті 1962 жылы құрылған және Қытайдағы шетел азаматтарына қытай тілін, мәдениетін және халықаралық коммуникацияны оқытуға мамандандырылған жетекші жоғары оқу орны болып саналады.
2024 жылы 3 шілдеде Астана Халықаралық университетінің негізінде Бейжің тіл және мәдениет университетінің Астана қаласындағы филиалының салтанатты ашылуы өтті.