https://sputnik.kz/20251223/8-protsenttik-kreditter-beriledi---ukimet-zhana-bagdarlamany-bekitti---59830317.html
8 проценттік кредиттер беріледі - үкімет жаңа бағдарламаны бекітті
8 проценттік кредиттер беріледі - үкімет жаңа бағдарламаны бекітті
Sputnik Қазақстан
Бағдарламаға жыл сайын 400 млрд теңге бөлініп тұрады 23.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-23T10:46+0500
2025-12-23T10:46+0500
2025-12-23T10:49+0500
үкімет
кредит
субсидиялар
ауыл шаруашылығы
кәсіпкер
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59830631_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_65cfc17e2723420d06dbb1107a9ec58d.jpg
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Үкімет шағын бизнесті қолдауға арналған “Іскер аймақ” бірыңғай бағдарламасын әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің айтуынша, бірыңғай бағдарлама ауылдар мен шағын қалалардағы өндірісті дамытуға арналып отыр. Бағдарлама шарттары: Ал кәсіпкердің кепілге қоятын заты жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда қарыз сомасының 85%-ына дейін рәсімдеуге болады. Осы бағдарламаға жыл сайын 400 млрд теңге бөлініп тұрады. Басымдық берілетін салалар: Өтінімдерді беру egov.business және Damu Online порталдары арқылы автоматтандырылған түрде жүргізіледі.Шалғай аудандар үшін көшпелі формат қарастырылған. Ол үшін арнайы мобильді кеңселер (автобустар) жергілікті жерлерде кеңес беріп, құжаттарды қабылдайды.
https://sputnik.kz/20250730/fermerlerge-5-protsenttik-kreditter-berile-bastady-56059159.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59830631_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_6b7b57b0648480739b4142436a35526b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, кредит, субсидиялар, ауыл шаруашылығы, кәсіпкер
үкімет, кредит, субсидиялар, ауыл шаруашылығы, кәсіпкер
8 проценттік кредиттер беріледі - үкімет жаңа бағдарламаны бекітті
10:46 23.12.2025 (жаңартылды: 10:49 23.12.2025) Бағдарламаға жыл сайын 400 млрд теңге бөлініп тұрады
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Үкімет шағын бизнесті қолдауға арналған “Іскер аймақ” бірыңғай бағдарламасын әзірледі, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің айтуынша, бірыңғай бағдарлама ауылдар мен шағын қалалардағы өндірісті дамытуға арналып отыр.
"Бағдарлама ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеу, шағын наубайхана, жиһаз және құрылыс материалдарын өндіру сияқты тез нәтиже беретін, технологиялық жағынан қарапайым, жылдам жүзеге асырылатын жобаларға бағытталған", - деді Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында.
бір жобаға 200 млн теңгеге дейін;
8,8 проценттік мөлшерлеме;
кредиттің 40 проценті мемлекеттен субсидияланады;
Ал кәсіпкердің кепілге қоятын заты жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда қарыз сомасының 85%-ына дейін рәсімдеуге болады.
Осы бағдарламаға жыл сайын 400 млрд теңге бөлініп тұрады.
Басымдық берілетін салалар:
ауыл шаруашылығы өнімдері;
құрылыс материалдарын дайындайтын цехтар;
сүт және ет жартылай фабрикаттары;
"Ауыл аманаты" мен "Бір ауыл-бір өнім" жобаларының қатысушышарына ерекше басымдық беріледі.
Өтінімдерді беру egov.business және Damu Online порталдары арқылы автоматтандырылған түрде жүргізіледі.
Шалғай аудандар үшін көшпелі формат қарастырылған. Ол үшін арнайы мобильді кеңселер (автобустар) жергілікті жерлерде кеңес беріп, құжаттарды қабылдайды.