https://sputnik.kz/20251222/toqaev-tmd-ga-mushe-memleketter-basshylarynyn-beyresmi-kezdesuine-qatysty-59817911.html
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Sputnik Қазақстан
ТМД басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі даму бағдары мен қадамдарын талқылады 22.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-22T17:11+0500
2025-12-22T17:11+0500
2025-12-22T17:09+0500
қасым-жомарт тоқаев
тмд
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/16/59818008_0:55:1280:775_1920x0_80_0_0_7fce6e75d18577f841fe112a98f231bd.jpg
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.ТМД басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі даму бағдары мен қадамдарын талқылады. Сондай-ақ Ұйым аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.Президенттер сондай-ақ Александр және XVIII ғасырдағы Франция өнері залдарында орналасқан танымал көрмелерді тамашалады.Әсіресе, "Алтын көмбе" бірегей коллекциясындағы бағалы металдардан құйылған археологиялық жәдігерлер, тарихи Пикет және Герб залдарының интерьері ерекше қызығушылық тудырды.Меймандар бай қоры арқылы дүние жүзіне мәшһүр музейдің басқа да экспозицияларымен танысты.
https://sputnik.kz/20251222/toqaev-biyl-eaeo-elderinin-zhiyntyq-ishki-zhalpy-onimi-kolemi-2-payyzga-ulgaymaq-59815974.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/16/59818008_88:0:1193:829_1920x0_80_0_0_ab854a55ecd2ddf039bf5b2c64c9a314.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, тмд
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
ТМД басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі даму бағдары мен қадамдарын талқылады
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
ТМД басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі даму бағдары мен қадамдарын талқылады. Сондай-ақ Ұйым аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Президенттер сондай-ақ Александр және XVIII ғасырдағы Франция өнері залдарында орналасқан танымал көрмелерді тамашалады.
Әсіресе, "Алтын көмбе" бірегей коллекциясындағы бағалы металдардан құйылған археологиялық жәдігерлер, тарихи Пикет және Герб залдарының интерьері ерекше қызығушылық тудырды.
Меймандар бай қоры арқылы дүние жүзіне мәшһүр музейдің басқа да экспозицияларымен танысты.