Тіс емханасындағы бала өлімі: Астанада кінәліге сот үкімі шықты

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2025
Жазылу
Баланың ата-анасы сотталушыға қатаң жаза тағайындауды сұрады
АЛМАТЫ, 22 желтоқсан - Sputnik. Астанада тіс емханасындағы бүлдіршіннің өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот.
Емхана дәрігеріне Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлігі "Кәсіби міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"4 жасар баланың ата-анасы баланың тісі ауырып, жеке стоматологиялық клиникаға жүгінген .Тексеру барысында 11 тістің зақымданғаны анықталған. Жалпы наркозбен емдеуге дайындық мақсатында пациентке қан талдауы, коагулограмма, жүректің УДЗ тексерісі тағайындалған", - дейді сот.

Қабыну процестерінің және қолайсыз зертханалық көрсеткіштердің болуына қарамастан сотталушы жалпы седация жағдайында ұзақ уақытқа созылған стоматологиялық ем жүргізген. Процедура барысында севофлуран маскалық режимде 4,5 сағат бойы қолданылған, емдеуді стоматолог жүргізген.
"Анестезиологиялық қамтамасыз ету кезінде сәйкес келмейтін тыныс алу контуры қолданылып, өкпені жасанды желдету аппаратымен синхрондау болмаған. Салдарынан өкпенің минуттық вентиляциясы төмендеп, жедел гипоксияға, мидың ісінуіне және соның салдарынан пациенттің өліміне әкеп соққан", - дейді ведомство.
Баланың ата-анасы сотталушыға қатаң жаза тағайындауды сұрады. Ал сотталушы өз кінәсін мойындамай, соттан ақтауды сұрады.
Жаза тағайындау кезінде сот сотталушының 2 кәмелетке толмаған баласының бары, жұмыс орнынан берілген оң мінездемесі және бұрын сотты болмағаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілген.
"Конституцияның отыз жылдығына байланысты қабылданған амнистия туралы" Заңның 2-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, қылмыстық теріс қылықтар және (немесе) онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан босатылады. Сот үкім шығарған кезде осы жайтты екерген.
"Сот сотталушыға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын, сондай-ақ 3 жыл мерзімге медициналық көмек көрсету немесе медициналық қызмет көрсетуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасын кесті. Амнистия актісін қолдану негізінде сотталушы тағайындалған негізгі жазаны өтеуден босатылды", - дейді Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0