Сурдлимпиада ойындарында жүлде алған спортшыларға мемлекеттік награда табыс етілді

© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана
Жазылу
Қазақстандық спортшылар сегіз спорт түрінен ел намысын қорғап, 25 медаль жеңіп алды
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов биыл XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларға мемлекеттік награда табыс етті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Бектенов биыл XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысқан спортшыларға мемлекеттік наградалар табыс етті
© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана
Биыл 15-26 қараша аралығында Токио қаласында (Жапония) өткен Сурдлимпиада ойындарына 81 мемлекеттен 3 мыңға жуық спортшы қатысты. Қазақстандық спортшылар сегіз спорт түрінен ел намысын қорғап, 25 медаль:
8 алтын,
4 күміс,
13 қола жеңіп алды.
Нәтижесінде ҚР ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте 9-шы орынды иеленді.

Бектенов биыл XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысқан спортшыларға мемлекеттік наградалар табыс етті
© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана
"Сурдлимпиада ойындары біздің еліміздегі сурдлимпиада қозғалысының тұрақты дамып келе жатқанын айғақтайды. Бұл спорттық ұйымдардың, жаттықтырушылардың сондай-ақ, өз еңбегімен болашақ жеңістерге берік негіз қалайтын спортшылардың үйлесімді және тынымсыз жұмысының нәтижесі", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Марапаттау барысында сурдо дзюдо спортшыларының жетістіктері аталып өтті. Олардың жоғары деңгейде өнер көрсетуі Қазақстанға 11 медаль (5 алтын, 2 күміс және 4 қола) алып келді және Сурдлимпиада ойындарының жарқын жетістіктерінің бірі болды. Команда көшбасшыларының қатарында үш дүркін және екі дүркін чемпион атанған Еркебұлан Қанафин мен Шадияр Қуандық бар.

Бектенов биыл XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысқан спортшыларға мемлекеттік наградалар табыс етті
© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана
Ал биіктікке секіруден ұлттық құрама қоржынына алтын медаль салған жеңіл атлетші Фаина Мейрманова 1,79 метрді бағындырып, Ойының рекордын орнатты.

Бектенов биыл XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысқан спортшыларға мемлекеттік наградалар табыс етті
© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана
Еркін және грек-рим күресінде чемпион атанған балуандар Андрей Самарин мен Шадияр Пернеш те жалпы нәтижеге айтарлықтай үлес қосты.

Бектенов биыл XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысқан спортшыларға мемлекеттік наградалар табыс етті
© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана
Үстел теннисінде Қанат Конкубаев, Данияр Ескендіров, Бижан Төлебаев және Абылай Бүркітбай қола жүлдеге ие болды.
Таэквондода Аян Абдраш, Айжамол Абдикатова және Аида Макатова қола жүлдегер атанды.