https://sputnik.kz/20251222/stenin-atyndagy-xii-khalyqaralyq-fotozhurnalistika-bayqauy-bastaldy-59817650.html
Стенин атындағы XII Халықаралық фотожурналистика байқауы басталды
Стенин атындағы XII Халықаралық фотожурналистика байқауы басталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 22 желтоқсан – Sputnik. Мәскеуде Андрей Стенин атындағы XII Халықаралық фотожурналистика байқауы басталды. Бұл туралы РИА новости жазды. 22.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-22T16:58+0500
2025-12-22T16:58+0500
2025-12-22T16:56+0500
фотокөрме
фотограф
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/16/59817263_0:25:640:385_1920x0_80_0_0_1e191772b2157d684b898f552dee3815.jpg
АЛМАТЫ, 22 желтоқсан – Sputnik. Мәскеуде Андрей Стенин атындағы XII Халықаралық фотожурналистика байқауы басталды. Бұл туралы РИА новости жазды.Конкурс жас фотожурналистерге арналған."Россия сегодня" халықаралық медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселевтің айтуынша, байқау осымен 12-ші рет үміткерлердің жұмысын қабылдап жатыр."Бұл байқау қуанышқа әрі қызыққа толы шара. Биылғы жылы қатысушыларға қуаныш сыйлайтын тосын сый дайындадық. Бұл – "Өмір энергиясы" атты жаңа номинация. Оған 34 жастан асқан фотожурналистер қатыса алады. Біздің миссиямыз - ол жаңа таланттарға жол ашып, жас фотографтарға қолдау көрсету. Сонымен қатар жастарға бағдар беретін кәсіби мамандардың жұмысын көру де өте қызықты. Біз кәсіби шеберлер мен жұмысын жаңа бастаған фотографтардың авторлық жобаларын күтеміз", - дейді Дмитрий Киселев.Байқауда қатысу шарттарыФотобайқау алты номинация бойынша өткізіледі:"Басты жаңалықтар", "Менің планетам" және "Портрет. Біздің заманымыздың қаһарман" екі санат – жалғыз сурет және фотосерия."Спорт" және "Жоғарыдан көрініс" номинацияларына тек бір фотосурет қатыса алады. Жаңа "Өмір энергиясы" номинациясы 34 жастан асқан фотографтарға арналған. Ал қалған бес номинация 18 бен 33 жас аралығындағы авторлардың жұмыстарын қабылдайды.Фотосуретшілер өз өтінімдерін 2026 жылғы 28 ақпанға дейін орыс тілінде http://stenincontest.ru және ағылшын тілінде https://stenincontest.com. сайтында бере алады.Биыл байқауда бірінші орын алғанға 125 мың рубль, екінші орынға 100 мың рубль және әр номинация бойынша үшінші орынға 75 мың рубль беріледі. Байқаудың ең жоғары наградасы – Гран-при иегері 700 мың рубль алады. Дәстүр бойынша Андрей Стенин атындағы XII Халықаралық фотожурналистика байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Мәскеуде 2026 жылдың қыркүйек-қараша айларында өтеді.Қазылар алқасының құрамында өткен жылдардағы жеңімпаздар болады.Әр жылдары қазылар алқасына кәсіби фотографтар кірді: Владимир Вяткин (Ресей), Габриэль Чеккони (Италия), Сефа Караджан (Түркия) және Хуан Каньете (Аргентина) және басқалар.Жеңіске жеткен фотосуретшілердің еңбектерін Ресей және шетелде көрмеге қою дәстүрге айналып келеді. Байқау жеңімпаздарының көрмелерін Қытай, Оңтүстік Африка, Мексика, Аргентина, Уругвай, Колумбия, Конго, Түркия, Ливан, Германия, Испания, Италия, Греция, Венгрия, Польша, Египет және басқа да елдердегі көрермендер назарына ұсынылды.Ресей Федерациясының ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясының қолдауымен "Россия сегодня" медиа тобы ұйымдастырған Андрей Стенин атындағы Халықаралық фотожурналистика байқауы Жас фотографтарды қолдауға және заманауи фотожурналистиканың міндеттеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған.Конкурстың бас ақпараттық серіктестері: Ресей бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радиохабар тарату компаниясы және "СМОТРИМ" онлайн-платформасы.Байқаудың халықаралық ақпараттық серіктестері: Independent Media Медиа холдингі (Оңтүстік Африка), ANA жаңалықтар агенттігі (Оңтүстік Африка), Shanghai United Media Group (Sumg) (Қытай), the paper интернет-порталы (Қытай), Dar Al Sharq медиа холдингі (Катар), brasil247 интернет-порталы (Бразилия), PTI ақпарат агенттігі (Үндістан), IINA ақпарат агенттігі (Ирак), mehr ақпарат агенттігі (Иран), NAN ақпарат агенттігі (Нигерия), Xinhua ақпарат агенттігі (Қытай).Салалық серіктестер мәртебесінде конкурсты: Ресей Журналистер Одағы, Young JOurnalists ақпарат порталы (Ресей), Photo-study.ru (Ресей) порталы қолдайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/16/59817263_48:0:592:408_1920x0_80_0_0_f2e50e250c0f69b8d5aa339b132b2d4c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
фотокөрме, фотограф
АЛМАТЫ, 22 желтоқсан – Sputnik. Мәскеуде Андрей Стенин атындағы XII Халықаралық фотожурналистика байқауы басталды. Бұл туралы РИА новости жазды.
Конкурс жас фотожурналистерге арналған.
"Россия сегодня" халықаралық медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселевтің айтуынша, байқау осымен 12-ші рет үміткерлердің жұмысын қабылдап жатыр.
"Бұл байқау қуанышқа әрі қызыққа толы шара. Биылғы жылы қатысушыларға қуаныш сыйлайтын тосын сый дайындадық. Бұл – "Өмір энергиясы" атты жаңа номинация. Оған 34 жастан асқан фотожурналистер қатыса алады. Біздің миссиямыз - ол жаңа таланттарға жол ашып, жас фотографтарға қолдау көрсету. Сонымен қатар жастарға бағдар беретін кәсіби мамандардың жұмысын көру де өте қызықты. Біз кәсіби шеберлер мен жұмысын жаңа бастаған фотографтардың авторлық жобаларын күтеміз", - дейді Дмитрий Киселев.
Фотобайқау алты номинация бойынша өткізіледі:
"Портрет. Біздің заманымыздың батыры",
"Өмір энергиясы" жаңа номинациясы.
"Басты жаңалықтар", "Менің планетам" және "Портрет. Біздің заманымыздың қаһарман" екі санат – жалғыз сурет және фотосерия.
"Спорт" және "Жоғарыдан көрініс" номинацияларына тек бір фотосурет қатыса алады. Жаңа "Өмір энергиясы" номинациясы 34 жастан асқан фотографтарға арналған. Ал қалған бес номинация 18 бен 33 жас аралығындағы авторлардың жұмыстарын қабылдайды.
Фотосуретшілер өз өтінімдерін 2026 жылғы 28 ақпанға дейін орыс тілінде http://stenincontest.ru және ағылшын тілінде https://stenincontest.com. сайтында бере алады.
Биыл байқауда бірінші орын алғанға 125 мың рубль, екінші орынға 100 мың рубль және әр номинация бойынша үшінші орынға 75 мың рубль беріледі. Байқаудың ең жоғары наградасы – Гран-при иегері 700 мың рубль алады. Дәстүр бойынша Андрей Стенин атындағы XII Халықаралық фотожурналистика байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Мәскеуде 2026 жылдың қыркүйек-қараша айларында өтеді.
Қазылар алқасының құрамында өткен жылдардағы жеңімпаздар болады.
Әр жылдары қазылар алқасына кәсіби фотографтар кірді: Владимир Вяткин (Ресей), Габриэль Чеккони (Италия), Сефа Караджан (Түркия) және Хуан Каньете (Аргентина) және басқалар.
Жеңіске жеткен фотосуретшілердің еңбектерін Ресей және шетелде көрмеге қою дәстүрге айналып келеді. Байқау жеңімпаздарының көрмелерін Қытай, Оңтүстік Африка, Мексика, Аргентина, Уругвай, Колумбия, Конго, Түркия, Ливан, Германия, Испания, Италия, Греция, Венгрия, Польша, Египет және басқа да елдердегі көрермендер назарына ұсынылды.
Ресей Федерациясының ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясының қолдауымен "Россия сегодня" медиа тобы ұйымдастырған Андрей Стенин атындағы Халықаралық фотожурналистика байқауы Жас фотографтарды қолдауға және заманауи фотожурналистиканың міндеттеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған.
Конкурстың бас ақпараттық серіктестері: Ресей бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радиохабар тарату компаниясы және "СМОТРИМ" онлайн-платформасы.
Байқаудың халықаралық ақпараттық серіктестері: Independent Media Медиа холдингі (Оңтүстік Африка), ANA жаңалықтар агенттігі (Оңтүстік Африка), Shanghai United Media Group (Sumg) (Қытай), the paper интернет-порталы (Қытай), Dar Al Sharq медиа холдингі (Катар), brasil247 интернет-порталы (Бразилия), PTI ақпарат агенттігі (Үндістан), IINA ақпарат агенттігі (Ирак), mehr ақпарат агенттігі (Иран), NAN ақпарат агенттігі (Нигерия), Xinhua ақпарат агенттігі (Қытай).
Салалық серіктестер мәртебесінде конкурсты: Ресей Журналистер Одағы, Young JOurnalists ақпарат порталы (Ресей), Photo-study.ru (Ресей) порталы қолдайды.