Қаңтардағы ҰБТ-ға өтінім қабылдау басталды

© Sputnik / Владислав ВодневЦентр национального тестирования готовится принять выпускников
Центр национального тестирования готовится принять выпускников - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2025
Жазылу
Тестілеу 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді
АЛМАТЫ, 22 желтоқсан – Sputnik. Бүгін қаңтарда өтетін ҰБТ-ға өтінім қабылдау басталды.
Өтінім қабылдау 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Тестілеу 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.
Ұлттық бірыңғай тестілеу форматы бұрынғы: 5 пән, 120 сұрақ, 140 балл. Тестілеу уақыты - 4 сағат (240 минут).
Биыл қарашада Ұлттық тестілеу орталығы 2026 жылы жоғары оқу орындарына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті балдарын жариялады.
Орталықтың мәліметінше, ұлттық біріңғай тестілеуден сәтті өту үшін келесі нәтижелерден төмен емес балл жинау қажет:
математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы - 10 тапсырмадан, екі пән бойынша да шекті балл-3;
Қазақстан тарихы - 20 тапсырма, шекті балл - 5;
- екі бейіндік пән – 40 тапсырмадан, әрқайсысында 50 балл, ал шекті пән – 5 балл жинауға болады.
ҰБТ-ның жаңа форматы әзірленеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2025
ҰБТ-ның жаңа форматы әзірленеді
Жаңалықтар
0