https://sputnik.kz/20251222/pavlodar-oblysynda-zhetkinshek-basyna-kirip-ketken-agashpen-bes-zhyl-zhurgen-59819792.html
Павлодар облысында жеткіншек басына кіріп кеткен ағашпен бес жыл жүрген
Павлодар облысында жеткіншек басына кіріп кеткен ағашпен бес жыл жүрген
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 22 желтоқсан - Sputnik. Павлодар облсында 10 жастағы балаға бірегей ота жасалды. Ол бес жыл бойы басына кіріп кеткен ағашпен жүрген, деп хабарлайды... 22.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-22T19:03+0500
2025-12-22T19:03+0500
2025-12-22T19:03+0500
павлодар облысы
ота
бала
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/16/59818856_0:214:1281:934_1920x0_80_0_0_b4915efa45bcd55996649478a71bb916.jpg
АЛМАТЫ, 22 желтоқсан - Sputnik. Павлодар облсында 10 жастағы балаға бірегей ота жасалды. Ол бес жыл бойы басына кіріп кеткен ағашпен жүрген, деп хабарлайды облыстық балалар ауруханасы.Павлодарлық әйел баласының шекесі ауыратынын айтып, дәрігерге жүгінген. Әйелдің айтуынша, осыдан бес жыл бұрын бала ағаштан құлап, басын жарақаттап алған. Оқиға басқа облыста жүргенде болған.Араға біраз жыл салып, 2-3 ай бұрын баланың бұрыңғы жарасы қайта мазалай бастайды.Травматикалық пунктте нейрохирург тексергеннен кейін баланы жедел ауруханаға жатқызған."Бала медициналық тексеруден өткізіліп, басы компьютерлік тамографияға түсірілді. Тексеру кезінде шекесінің сол жағында ісік анықталды. Сондай-ақ жылжымалы бөгде заттың тұрғаны белгілі болды. Балаға ота жасалды", - дейді аурухана мамандары.Осылайша баланың басында жүрген ағаш жаңқа бес жылдан соң алынып тасталды. Қазір жеткіншектің жағдайы тұрақты, жақында ауруханадан үйіне шығарылады.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/16/59818856_0:94:1281:1054_1920x0_80_0_0_ddd31237a857056e3b07a878e7692ce4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, ота, бала
павлодар облысы, ота, бала
Павлодар облысында жеткіншек басына кіріп кеткен ағашпен бес жыл жүрген
АЛМАТЫ, 22 желтоқсан - Sputnik. Павлодар облсында 10 жастағы балаға бірегей ота жасалды. Ол бес жыл бойы басына кіріп кеткен ағашпен жүрген, деп хабарлайды облыстық балалар ауруханасы.
Павлодарлық әйел баласының шекесі ауыратынын айтып, дәрігерге жүгінген. Әйелдің айтуынша, осыдан бес жыл бұрын бала ағаштан құлап, басын жарақаттап алған. Оқиға басқа облыста жүргенде болған.
"Бала ағашқа басын жаралап алған. Сол кезде аудандық аурухана дәрігерлері баланың жарасын жуып, тігіп берген. Алайда жараның орны ұзақ уақыт бойы жазылмай, мазалай берген. Жарақат алғаннан кейін шамамен бір жыл ішінде жара мезгіл-мезгіл қабынған, содан кейін бөтен денені алып тастау үшін қайта хирургиялық ота жасалған", - дейді дәрігерлер.
Араға біраз жыл салып, 2-3 ай бұрын баланың бұрыңғы жарасы қайта мазалай бастайды.
"Анасы тұрғылықты жері бойынша хирургқа жүгінген. Ультрадыбыстық зерттеу жүргізіліп, баланың басында тұз жиналып қалғанын анықтаған. Осыдан кейін бала нейрохирургке тексеруге жіберілген", - дейді балалар ауруханасы.
Травматикалық пунктте нейрохирург тексергеннен кейін баланы жедел ауруханаға жатқызған.
"Бала медициналық тексеруден өткізіліп, басы компьютерлік тамографияға түсірілді. Тексеру кезінде шекесінің сол жағында ісік анықталды. Сондай-ақ жылжымалы бөгде заттың тұрғаны белгілі болды. Балаға ота жасалды", - дейді аурухана мамандары.
Осылайша баланың басында жүрген ағаш жаңқа бес жылдан соң алынып тасталды. Қазір жеткіншектің жағдайы тұрақты, жақында ауруханадан үйіне шығарылады.