Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

"Бес проценті қалды": Стубб Украина бойынша келіссөздердің барысы туралы айтты

© БелТА / Медиабанкке өтуРоссийско-украинские переговоры в Беларуси
Российско-украинские переговоры в Беларуси - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2025
Жазылу
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Келіссөз жүргізушілер Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келісімге қол жеткізуге өте жақын тұр, деп мәлімдеді Финляндия президенті Александр Стубб Fox News-ке берген сұхбатында.
Оның айтуынша, тараптар мақсатқа жетуге бір қадам қалған.
"Біз мақсатқа жетіп қалдық, бірақ ең күрделі 5 пайызы әлі талқыланып жатыр", — деді Стубб.
Желтоқсан айының басында Ресей басшысы Владимир Путин Кремльде Уиткофф пен Кушнерді қабылдады. Тараптар шамамен бес сағат бойы бейбіт бастаманың мәнін талқылады, алайда әзірге ымыралы нұсқа табылған жоқ.
Кейінірек Ресей президенті Вашингтон бастапқы жоспардағы 27 тармақты төрт пакетке бөліп, оларды жеке-жеке қарастыруды ұсынғанын айтты. Ол әр тармақты қарап шыққанын, алайда Мәскеу келіспейтін мәселелер де болғанын нақтылады.
Одан кейін Берлинде АҚШ пен Украина делегацияларының келіссөзі өтті. Олардың қорытындысы бойынша батыс елдері НАТО жарғысының бесінші бабына ұқсас қауіпсіздік кепілдіктерін беруге келіскені хабарланды.
Жаңалықтар
0