https://sputnik.kz/20251222/astanada-2027-zhyly-eki-dengeyli-zhol-salu-zhosparlanyp-otyr-59818719.html
Астанада 2027 жылы екі деңгейлі жол салу жоспарланып отыр
Астанада 2027 жылы екі деңгейлі жол салу жоспарланып отыр
Sputnik Қазақстан
Жоспарға сәйкес, екі деңгейлі жолдың ұзындығы 12,4 шақырым болады, бұл көлік кептелісін 30-40 пайызға азайтуға мүмкіндік береді 22.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-22T22:51+0500
2025-12-22T22:51+0500
2025-12-22T22:51+0500
астана
жол
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/13/41035857_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_b80c0f13a0ab2897f851337d810725c1.jpg
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Астанада 2027 жылы екі деңгейлі жол салу жоспарланып отыр, деп хабарлады қала әкімі Жеңіс Қасымбек.Ол Сеул, Токио, Бейжің сияқты қалалардың тәжірибесін мысалға келтірді.Жоспар бойынша екі деңгейлі жолдың ұзындығы 12,4 км болып, қаладағы көлік кептелісін 30–40 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.Екі деңгейлі жол — бұл көлік қозғалысы екі қабатта ұйымдастырылған жол түрі. Бір деңгейде жергілікті көліктер немесе қала ішінде жүретін көліктер, ал екінші деңгейде тоқтамай өтетін жылдам жол немесе негізгі магистраль болады. Мұндай жолдарда көліктер бір-бірімен қиылыспайды, сондықтан кептеліс азаяды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/13/41035857_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_c09989c12f216ce610928b93763aa277.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, жол
Астанада 2027 жылы екі деңгейлі жол салу жоспарланып отыр
Жоспарға сәйкес, екі деңгейлі жолдың ұзындығы 12,4 шақырым болады, бұл көлік кептелісін 30-40 пайызға азайтуға мүмкіндік береді
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Астанада 2027 жылы екі деңгейлі жол салу жоспарланып отыр, деп хабарлады қала әкімі Жеңіс Қасымбек.
Ол Сеул, Токио, Бейжің сияқты қалалардың тәжірибесін мысалға келтірді.
"2026 жылды нақты жобалауға арнаймыз. Ал 2027 жылы құрылысты бастауды жоспарлап отырмыз, оның ішінде алғашқы жоба Қабанбай батыр даңғылында жүзеге асырылады", — деді Қасымбек.
Жоспар бойынша екі деңгейлі жолдың ұзындығы 12,4 км болып, қаладағы көлік кептелісін 30–40 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Екі деңгейлі жол — бұл көлік қозғалысы екі қабатта ұйымдастырылған жол түрі. Бір деңгейде жергілікті көліктер немесе қала ішінде жүретін көліктер, ал екінші деңгейде тоқтамай өтетін жылдам жол немесе негізгі магистраль болады. Мұндай жолдарда көліктер бір-бірімен қиылыспайды, сондықтан кептеліс азаяды.