https://sputnik.kz/20251222/almatyda-2040-zhylga-qaray-lrt-iske-qosylady-59814613.html
Алматыда 2040 жылға қарай LRT іске қосылады
Алматыда 2040 жылға қарай LRT іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Жеңіл рельсті көліктер қаланың Бас жоспарына енгізілді 22.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-22T15:01+0500
2025-12-22T15:01+0500
2025-12-22T15:01+0500
алматы
жоспар
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/07e9/06/14/54924104_0:158:1280:878_1920x0_80_0_0_08a5cc168e9d1231b8ae4ab435effdba.jpg
АСТАНА, 22 желтоқсан - Sputnik. Алматы әкімдігі Қазақстан мәжілісінің депутаттарына қаланың 2040 жылға арналған Бас жоспарын таныстырды.Қала полицентрлік модель бойынша дамиды, деп мәлімдеді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов. Жаңа іскерлік орталықтары құрылып, жұмыс орындары, қоғамдық кеңістіктер және заманауи инфрақұрылым қамтамасыз етіледі.Алматыдағы көлік кептелісін LRT және БРТ, яғни жедел автобус көлігі, сондай-ақ жаңа метро желілерін салу арқылы шешу күтіліп отыр.Жасыл қоғамдық кеңістіктерге ерекше басымдық берілген. Олардың аумағын 2040 жылға қарай үш еседен астамға, яғни 3800 гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр.Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек отырыста Алматының Бас жоспарын түзетуге тікелей әсер ететін Қазақстанның жаңа Құрылыс кодексінің жобасына түбегейлі маңызды түзетулер енгізілгенін еске салды.Сондай-ақ, депутаттар Алматы қаласы халқының қарқынды өсуін, қала құрылысын және қоршаған ортаға әсерін ескерудің маңыздылығын айтты.
https://sputnik.kz/20251221/almaty-oblysynda-zhangyrtylgan-seysmostantsiya-ashyldy-59783221.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/14/54924104_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_a978eb74742ff0e2a93f87c3ac1e3e94.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жоспар, мәжіліс
Алматыда 2040 жылға қарай LRT іске қосылады
Жеңіл рельсті көліктер қаланың Бас жоспарына енгізілді
АСТАНА, 22 желтоқсан - Sputnik. Алматы әкімдігі Қазақстан мәжілісінің депутаттарына қаланың 2040 жылға арналған Бас жоспарын таныстырды.
Қала полицентрлік модель бойынша дамиды, деп мәлімдеді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов. Жаңа іскерлік орталықтары құрылып, жұмыс орындары, қоғамдық кеңістіктер және заманауи инфрақұрылым қамтамасыз етіледі.
Алматыдағы көлік кептелісін LRT және БРТ, яғни жедел автобус көлігі, сондай-ақ жаңа метро желілерін салу арқылы шешу күтіліп отыр.
Жасыл қоғамдық кеңістіктерге ерекше басымдық берілген. Олардың аумағын 2040 жылға қарай үш еседен астамға, яғни 3800 гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек отырыста Алматының Бас жоспарын түзетуге тікелей әсер ететін Қазақстанның жаңа Құрылыс кодексінің жобасына түбегейлі маңызды түзетулер енгізілгенін еске салды.
"Біз сейсмикалық қауіп және сейсмикалық тәуекел сияқты негізгі ұғымдарды енгіздік және аудандардың төлқұжаты болуын міндеттедік. Бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын түзету кезінде сейсмикалық микроаудандар карталары мен көшкінге бейім аумақ карталары енді міндетті түрде қарастырылады. Бұл талаптар барлық кезеңде – бастапқы деректерді беруден және алдын ала жобаларды бекітуден бастап жобалау-сметалық құжаттаманы қарауға дейін қолданылуы тиіс", - деді Базарбек.
Сондай-ақ, депутаттар Алматы қаласы халқының қарқынды өсуін, қала құрылысын және қоршаған ортаға әсерін ескерудің маңыздылығын айтты.