Құтқарушылар Астана тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады

© Sputnik / Владислав ВодневҚұтқарушылар аязға байланысты Астана тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады
Құтқарушылар аязға байланысты Астана тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2025
Жазылу
Аязға байланысты адамдардан сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрады
АСТАНА, 21 желтоқсан-Sputnik. Синоптиктер Астанада ауа температурасының –25-27 °С дейін күрт төмендеуін болжайды. Құтқарушылар астаналықтарға қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары туралы еске салды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қолайсыз ауа - райы кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауды, дауылды ескертулерді қадағалауды және мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тартуды ұсынады", - делінген хабарламада.
Дауылды ескертулер, ауа-райының нашарлауы, сондай-ақ қала аумағында автомобиль жолдарының жабылуы туралы ақпаратты СМС-ескертулер, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы қадағалау ұсынылады.
Сонымен қатар, құтқарушылар азаматтардың назарын қысқы кезеңде әлі толық күшіне енбеген мұзға шығу қаупіне аударды және су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
Снежный коллапс в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2025
Қазақстанға 33 градус аяз келе жатыр: ТЖМ ескерту жасады
Жаңалықтар
0