Маңғыстауда әскерге шақыруды қолдауға арналған акция ұйымдастырылды

© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіМаңғыстау облысында әскерге шақыруды қолдауға арналған патриоттық акция ұйымдастырылды
Маңғыстау облысында әскерге шақыруды қолдауға арналған патриоттық акция ұйымдастырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2025
Жазылу
Патриоттық шарада жастарға әлеуметтік пакеттер, жеңілдіктер мен әскери қызметшілерге берілетін кепілдіктер туралы мәліметтер айтылды
АСТАНА, 21 желтоқсан - Sputnik. Маңғыстауда әскерге шақыруды қолдауға арналған акция ұйымдастырылды.
Патриоттық шара Ақтау қаласындағы ірі сауда орталықтарының бірінде облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен өтті.
© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіМаңғыстау облысында әскерге шақыруды қолдауға арналған патриоттық акция ұйымдастырылды
Маңғыстау облысында әскерге шақыруды қолдауға арналған патриоттық акция ұйымдастырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2025
Маңғыстау облысында әскерге шақыруды қолдауға арналған патриоттық акция ұйымдастырылды
Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері азаматтарға әскери бөлімдердегі бос лауазым орындары жайында жәнне Қарулы күштері қатарында мерзімді және келісімшарт бойынша қызмет атқару шарттары туралы ақпаратпен бөлісті.
"Мұндай іс-шаралар әскери қызметтің беделін арттыруға және азаматтарды Қарулы күштер қатарында қызмет ету мүмкіндіктері туралы хабардар етуге бағытталған. Бүгін біз, жастар тарапынан үлкен қызығушылықты байқап отырмыз. Әскер әрдайым қоғамға ашық, ал әскери қызметті насихаттау жұмысы жүйелі түрде жалғасын табады", – деді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Балтеміров.
Шара барысында жастармен жұмысқа ерекше көңіл бөлінді. Жастарға әлеуметтік пакеттер, жеңілдіктер мен әскери қызметшілерге берілетін кепілдіктер туралы мәліметтер айтылды.
© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіМаңғыстауда әскерге шақыруды қолдауға арналған акция ұйымдастырылды
Маңғыстауда әскерге шақыруды қолдауға арналған акция ұйымдастырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2025
Маңғыстауда әскерге шақыруды қолдауға арналған акция ұйымдастырылды
Қала тұрғындары мен қонақтарына әскери-теңіз күштері мен Ұлттық ұланның әскери оркестрлері патриоттық шығармаларды орындап, көрермендердің зор ықыласына бөленді.
Әскерге шақыру тәртібі өзгереді – президент заңға қол қойды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2025
Әскерге шақыру тәртібі өзгереді – президент заңға қол қойды
Жаңалықтар
0