Үш жаңа ЖЭО зиянды қалдықтарды мүлдем шығармайтындай болуы керек - Бектенов

© PhotoАлматы ЖЭО
Алматы ЖЭО - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2025
Жазылу
Қазақстан шығарындыларды азайтуды мақсат етеді.
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Көкшетау, Семей және Өскемендегі жылу электр станциялары тек "таза көмір" пайдалануы керек, деп мәлімдеді премьер-министрі Олжас Бектенов ҚР президенті жанындағы "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңестің отырысында.

"Біздің алдымызда үш ЖЭО салу бойынша және Екібастұздағы жаңа энергоблоктар бойынша үлкен жобалар тұр. Бұл жаңа жобалардың барлығы зиянды қалдықтарды мүлдем шығармайтындай жаңа талаптар бойынша жүзеге асырылады", - деді ол.

Үкімет басшысы Қазақстан көмір генерациясынан бас тарта алмайтынын және мұның объективті шындық екенін айтты.
"Сондықтан оны қолдана беретініміз анық. Бұл ретте көмірден энергия өндіретін барлық қуат көзі заманауи талаптарға сай болуы тиіс. Жаңа технологиялар көмірді жағу кезінде зиянды қалдықтар көлемін барынша азайтуға мүмкіндік береді", - деді Бектенов.
ЖЭО - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
Өскемендегі ЖЭС құрылысын қазақстандық компания жүргізеді
Жаңалықтар
0