Қаңтардағы ҰБТ: 22 желтоқсанда өтініш қабылдау басталады

© Sputnik / Владислав ВодневТестілеу орталығы
Тестілеу орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2025
Жазылу
Өтініш беру барысында қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 22 желтоқсанда басталады, деп хабарлады ,ылым және жоғары білім министрлігі.
Өтініштерді қабылдау 30 желтоқсанға дейін жалғасады.
Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.
ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Өтініш беру барысында қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

"2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз сақталады. ҰБТ құрылымы бұрынғы қалпында қалады: талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120 және ең жоғары нәтиже 140 балды құрайды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар тестілеу бағдарламасында барлық талапкерлер үшін калькулятор, химиялық элементтердің периодтық кестесі және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді болады.
Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.
ҰБТ-ның жаңа форматы әзірленеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2025
ҰБТ-ның жаңа форматы әзірленеді
Жаңалықтар
0