Милан-2026: Қазақстан қысқы Олимпиадаға тағы 12 лицензия жеңіп алды

© AP Photo / Matt SlocumКанадский вратарь Эдвард Паскуале на XXIV зимних Олимпийских играх в Пекине
Канадский вратарь Эдвард Паскуале на XXIV зимних Олимпийских играх в Пекине - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2025
Жазылу
қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың үш түрінен 23 лицензия бар
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан Милан-2026 қысқы Олимпиадасына тағы 12 лицензия жеңіп алды, деп хабарлады туризм және спорт министрлігі.
"Конькимен жүгіруден 14 қараша мен 14 желтоқсан аралығында АҚШ, Канада, Нидерланд және Норвегияда өткен Әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 12 лицензия жеңіп алды", - деп жазылған хабарламада.
Лицензия иегерлерінің есімі мен спортшылар саны ұлттық құрама бас бапкерінің шешімінен кейін белгілі болады. Болжам бойынша, 2026 жылғы қысқы Олимпиадада конькимен жүгіруден ел намысын 5 спортшы қорғайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мәнерлеп сырғанау спортынан Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында олимпиадалық нормативті орындап, екі жолдама жеңіп алған еді.
Сонымен қатар отандық шорт-трекшілер ел қоржынына тағы 9 жолдама салды. Бапкерлер штабының шешімімен Миланда Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова және Яна Хан бақ сынайды.
Осылайша, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың үш түрінен 23 лицензия бар.
Олимпиадаға арналған нақты лицензия саны 2026 жылғы қаңтар айының соңында белгілі болады.
XXV қысқы Олимпия ойындары 2026 жылғы 6-22 ақпан күндері Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.
Қытайда IX қысқы Азия ойындары басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2025
Қытайдағы ІХ қысқы ойындар: Азиадаға қанша қазақстандық спортшы қатысып жатыр
Жаңалықтар
0