Тоқаев Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті

© Photo : Президенттің баспасөз қызметіТоқаев Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті
Тоқаев Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2025
Жазылу
Президент кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беретінін айтты
АСТАНА, 18 желтоқсан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Жапонияда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті.
Мемлекет басшысы Жапония сияқты дамыған елдің тәжірибесін зерделеу маңызды екенін айтты.
© Photo : Президенттің баспасөз қызметіТоқаев Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті
Тоқаев Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2025
Тоқаев Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті

"Бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін береді деп ойлаймыз. Жапон тарапы да үлкен мән беріп отыр. Ынтымақтастығымыздың келешегі зор болатынына ешқандай күмән жоқ. Биыл ел экономикасының өсімі 6 пайыздан асты. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Дегенмен мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Инфляцияны төмендету, инфрақұрылымды жаңарту қажет. Қазақстан келешекте цифрлық елге айналуы керек. Алдымызда осындай үлкен мақсаттар тұр, – деді Тоқаев кездесуде.

Отандастарымыз арасынан Ritsumeikan Азия – Тынық мұхиты университетінің вице-президенті, профессор Серік Мейірманов, ARIA Consulting негізін қалаушы Арайлым Хасан, Showa және Juntendo медицина университеттерінің доценті Әбдібек Қалибек, Ailia компаниясында жасанды интеллект технологиясымен айналысатын инженер Эльдар Төлеубай сөз сөйлеп, өздерінің Күншығыс еліндегі жетістіктерімен бөлісті.
️Президент Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтарға табыс тіледі.
Тоқаев Жапония императорымен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2025
Тоқаев Жапония императорымен кездесті
Жаңалықтар
0