Сенат ЛГБТ* насихатына тыйым салатын заңды қабылдады

© Sputnik / Абзал КалиевСенат ЛГБТ * және педофилияны насихаттауға тыйым салу туралы заңды қабылдады
Сенат ЛГБТ * және педофилияны насихаттауға тыйым салу туралы заңды қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2025
Жазылу
Құжат президентке қол қоюға жіберіледі
АСТАНА, 18 желтоқсан - Sputnik. Сенат екінші оқылымда ЛГБТ* және педофилия насихатына тыйым салу туралы заңды қабылдады.
Сенаторлар құжатты бірінші оқылымда мақұлдаған болатын.
Түзетулерді дайындаудың барлық кезеңдері жария болды, жұмыс тобы мүдделі ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдарды шақырып, олармен кездесті, деп атап өтті Қазақстанның мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов.

"ЛГБТ* үшін жаза болмайды. Жаза құқыққа қайшы контент бөлігінде алдын алу туралы заңда келтірілген. Мұның мәні мынада - егер бірінші жағдай (бұзушылық - ред.) болса, онда 20 АЕК айыппұл салынады. Егер екіншісі бір жыл ішінде болса, онда айыппұл өседі немесе 10 күндік әкімшілік қамауға алынады. Бұл норма өтініш түскен жағдайда орындалады. Ол еOtinish арқылы немесе басқа да бір жолмен келеді, содан кейін ғана бағалау процедурасы басталады", - деп түсіндірді Кочетов.

Заң жобасы президентке қол қоюға жіберілді.
* Ресей аумағында қозғалыс экстремистік деп танылып, тыйым салынған.
Сенат ЛГБТ* -ны насихаттауға тыйым салатын заң жобасын қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2025
Сенат ЛГБТ*-ны насихаттауға тыйым салатын заңды мақұлдады
Жаңалықтар
0