https://sputnik.kz/20251218/semeydegi-emkhanada-er-adam-zhukti-ayeldin-telefonyn-tartyp-algan-59702393.html
Семейдегі емханада ер адам жүкті әйелдің телефонын тартып алған
Семейдегі емханада ер адам жүкті әйелдің телефонын тартып алған
Sputnik Қазақстан
Жәбірленуші екеуінің арасына емхана қызметкерлері араша түспегенде, ер адам өзін ұрып-соғуы мүмкін болғанын айтты 18.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-18T17:06+0500
2025-12-18T17:06+0500
2025-12-18T17:07+0500
жүктілік
семей
полиция
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/16/18721477_0:12:1280:732_1920x0_80_0_0_f48b33913b2efca64f6f986f996671a0.jpg
АСТАНА, 18 желтоқсан - Sputnik. Абай облысында ер адам жүкті әйелге дөрекілік көрсеткен, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.Әлеуметтік желіде тараған оқиға️ Семей қаласындағы тіс емханасында болған.Дәрігер қабылдауын күтіп отырған жүкті әйелдің айтуынша, ер адам кезексіз өтпек болған. Ол өзіне қарсылық білдірген әйелді балағаттаған. Әйел оның осы әрекетін телефонға түсірмек болғанда, ер адам оның ұялы телефонын күш қолданып жұлып алған.Жәбірленуші екеуінің арасына емхана қызметкерлері араша түспегенде, ер адам өзін ұрып-соғуы мүмкін болғанын айтты.Ол полиция шақырып, арыз жазған. Алайда оның сөзінше, күш қолданған адамнан тек түсініктеме алынған.Ал полициядағылар ер адамның ұсталғанын айтады."Жүкті әйелге қатысты құқыққа қайшы әрекет жасаған ер адамды ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Алдын ала анықталғандай, кезекке байланысты туындаған жанжал барысында ер адам жүкті әйелге дөрекі сөздер айтып, оның ұялы телефонын тартып алған", - дейді Абай облыстық полиция департаменті.Ер адамға қатысты бұзақылық фактісі бойынша материал сотқа жолданып, заң бойынша жауапкершілікке тартылады, деді полицияда.
https://sputnik.kz/20251216/batys-qazaqstanda-zhogalgan-er-adam-tabyldy-59639687.html
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/16/18721477_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_879cfefc15fdf77ffafdf88ab385dadc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүктілік, семей, полиция
Семейдегі емханада ер адам жүкті әйелдің телефонын тартып алған
17:06 18.12.2025 (жаңартылды: 17:07 18.12.2025) Жәбірленуші екеуінің арасына емхана қызметкерлері араша түспегенде, ер адам өзін ұрып-соғуы мүмкін болғанын айтты
АСТАНА, 18 желтоқсан - Sputnik. Абай облысында ер адам жүкті әйелге дөрекілік көрсеткен, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Әлеуметтік желіде тараған оқиға️ Семей қаласындағы тіс емханасында болған.
Дәрігер қабылдауын күтіп отырған жүкті әйелдің айтуынша, ер адам кезексіз өтпек болған. Ол өзіне қарсылық білдірген әйелді балағаттаған. Әйел оның осы әрекетін телефонға түсірмек болғанда, ер адам оның ұялы телефонын күш қолданып жұлып алған.
Жәбірленуші екеуінің арасына емхана қызметкерлері араша түспегенде, ер адам өзін ұрып-соғуы мүмкін болғанын айтты.
Ол полиция шақырып, арыз жазған. Алайда оның сөзінше, күш қолданған адамнан тек түсініктеме алынған.
Ал полициядағылар ер адамның ұсталғанын айтады.
"Жүкті әйелге қатысты құқыққа қайшы әрекет жасаған ер адамды ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Алдын ала анықталғандай, кезекке байланысты туындаған жанжал барысында ер адам жүкті әйелге дөрекі сөздер айтып, оның ұялы телефонын тартып алған", - дейді Абай облыстық полиция департаменті.
Ер адамға қатысты бұзақылық фактісі бойынша материал сотқа жолданып, заң бойынша жауапкершілікке тартылады, деді полицияда.