Құмар ойынға жұмсаған: шымкенттік әйел тұрғындарды 35 млн теңгеге сан соқтырып кетті

© AFP 2024 / Sergei SupinskyҚұмар ойынға жұмсаған: шымкенттік әйел тұрғындарды 35 млн теңгеге сан соқтырып кетті
Құмар ойынға жұмсаған: шымкенттік әйел тұрғындарды 35 млн теңгеге сан соқтырып кетті   - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2025
Жазылу
Ол жәбірленушілердің ақшасын тендер арқылы көбейтіп беруге сендірген
АЛМАТЫ, 18 желтоқсан - Sputnik. Шымкентте алаяқтықпен айналысқан әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды қалалық сот.
Сотталушыға алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін бірнеше рет жымқыру бойынша айып тағылды.
"Сотталушы биыл қаңтар айында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тендер арқылы салынған инвестицияны көбейту бойынша жалған ақпарат жарнамалап, адамдарды тартқан", - дейді сот.
Алайда алаяқ жәбірленушілердің ақшасын көбейтудің орнына, құмар ойындарға жұмсаған. Келтірілген залал 35 419 000 теңге.
Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындап, шынайы өкініп өзін жазаламауды сұраған.
Сот үкімімен сотталушы әйел 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 14 жасқа толмаған төрт баласының болуына байланысты жазасын өтеу мерзімі 5 жыл кейінге қалдырылды.
Қостанайда мұғалім әріптестерінің атына 3,6 млн теңгеден астам несие рәсімдеген - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2025
Қостанайда мұғалім әріптестерінің атына 3,6 млн теңгеден астам несие рәсімдеген
Жаңалықтар
0