Павлодар облысында баланы зорлаған ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды

© AP Photo / John O'BoyleПавлодар облысында баланы зорлаған ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды
Павлодар облысында баланы зорлаған ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2025
Жазылу
Оған баланың дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасады деген айып тағылды
АЛМАТЫ, 18 желтоқсан - Sputnik. Павлодар облысында баланы зорлады деп айыпталған ер адам сотталды, деп хабарлайды облыстық сот.
Сотталушыға зорлау, яғни жәбірленушіге күш көрсетіп, дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты жыныстық қатынас жасады деген айып тағылды. Сот отырысы жабық өтті.
"Сотталушының кінәсі жәбірленуші баланың, куәләрдің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да айғақтармен дәлелденді", - дейді ведомство.
Сот айыпталушыға өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығына тыйым салып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.
Талдықорғанда туған қызын 8 жыл зорлаған әкеге сот үкімі шықты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2025
Талдықорғанда туған қызын 8 жыл зорлаған педофил өмір бойына сотталды
Жаңалықтар
0