Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияларға 40-тан астам кемені қосты

© Sputnik / Алексей ВитвицкийФлаги с символикой Евросоюза
Флаги с символикой Евросоюза  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2025
Жазылу
Бұл танкерлерге еуропалық порттарға кіруге және қызмет көрсетуге тыйым салынды
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Еуроодақ Кеңесінің мәлімдемесіне сәйкес, Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтіп, ресейлік мұнайды тасымалдады деген айыппен тағы 41 кемені қара тізімге қосты, деп хабарлады РИА Новости.
"Бүгін Кеңес Ресейдің энергетика саласынан түсетін кірісіне үлес қосатын көлеңкелі мұнай танкерлері флотының құрамына кіретін 41 кемеге шектеу шараларын енгізді", - делінген мәлімдемеде.
Бұл танкерлерге еуропалық порттарға кіруге және қызмет көрсетуге тыйым салынды.
Ресейге қарсы санкцияларға ұшыраған кемелердің жалпы саны 600-ге жақындады деп хабарланды.
Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Ресейді тежеу ​​және әлсірету саясаты Батыстың ұзақ мерзімді стратегиясы екенін және санкциялар бүкіл әлемдік экономикаға ауыр соққы бергенін мәлімдеген.
Ұлыбритания символы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
G7 елдері Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірлеп жатыр - БАҚ
Жаңалықтар
0