Электр энергиясы жоқ: Қаражалда тұрғындар екі күн бойы тоңып отыр

© Sputnik / Владислав ВодневЭлект тарату желілері
Элект тарату желілері - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2025
Жазылу
Электр энергиясының жоқтығына "Вест-2001" ЖШС желісінің қосалқы станциясындағы электр беру желісіндегі сымның үзілуі себеп болған
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Ұлытау облысындағы Қаражалда екі күн бойы электр энергиясы болмаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қаражалдықтар қақаған қыста жылусыз қалды. Себебі электр энергиясы жоқ. Аймақтағы жеке меншік үйлердің басым бөлігінде электр сорғысы арқылы жұмыс істейтін жылу жүйесі орнатылған. Тұрғындар тоңғанын айтып, мұны әлеуметтік желіде жариялады.
"Түнде 4-5 қабат көрпе жамылып жаттық. Ұлым қалың киініп мектепке кетті, өйткені ол жақта жылы. Үйді газға от жағып жылытып отырмыз, газдан шкафтың шеті күйіп қалыпты. Ал балкон есігі түбінде тұрған жылу құбыры қатып қалуы мүмкін", - дейді ауыл тұрғыны.
Электр энергиясының жоқтығына "Вест-2001" ЖШС желісінің қосалқы станциясындағы электр беру желісіндегі сымның үзілуі себеп болған. Салдарынан Қаражалда шамамен 400 абонент жарықсыз қалған.
Ұлытау облыстық әкімдігінің айтуынша, 17 желтоқсан күні сағат 09:50-де Қаражал қаласында электр энергиясы апатты жағдайда өшіп қалған.
"Апатты-қалпына келтіру жұмыстарын мамандар 18 желтоқсанда сағат 05:00-ге дейін жүргізді, нәтижесінде электрмен жабдықтау ішінара қалпына келтірілді", - дейді ведомствода.
Жалпы 385 абонент жарықсыз қалған: әлеуметтік нысандар - 5. Оның ішінде қала әкімдігі, "Қазпошта" ғимараты, мәдениет сарайы және №1 мектеп бар.
18 желтоқсан күні сағат 12:00-де осы мәселе бойынша облыс әкімі жедел штаб отырысын өткізген. Қазіргі уақытта Қаражал көшелеріне біртіндеп электр жарықтары беріліп жатыр.
Астанада Тұран қосалқы станциясында апат болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2025
Астанада жеті тұрғын үй кешені жарықсыз қалды
Жаңалықтар
0