https://sputnik.kz/20251218/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-18-zheltoqsan-59669977.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 18 желтоқсан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 18 желтоқсан
Sputnik Қазақстан
18 желтоқсанда не болғанын білесіз бе? 18.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-18T00:01+0500
2025-12-18T00:01+0500
2025-12-18T00:01+0500
танымал есімдер
қызықты деректер
танымал тұлғалар
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
https://sputnik.kz/img/844/76/8447648_0:6:2501:1412_1920x0_80_0_0_67ecacc3ff3bd39fa5c8e4e7a535270b.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.18 желтоқсанда қандай қызықты оқиға болдыБүгін Халықаралық мигрант күні аталып өтеді. Жақсы өмір іздеген азаматтар өзінің елінен кетіп, мигранттардың қатарына қосылады. Дамып жатқан мемлекеттерде халық санының өсуі мен дамыған елдерде оның қысқаруына байланысты адамдардың көші-қоны жыл сайын өсіп келеді. Жергілікті тұрғындар мигранттарды жақтырмайды, олардың тәжірибесі мен білімімен бөлісіп, жұмыс күшімен қамтамасыз етіп жатқанын түсіне бермейді.Сонымен қатар, бүгін – АХАЖ қызметкерлерінің күні. Дәстүр бойынша әлемде бұл мерекені азаматтық хал актілерін жазу органдарының барлық қызметкері атап өтеді. 1917 жылға дейін неке тіркеу, сондай-ақ қайтыс болған адамдарды тіркеу қызметін шіркеу атқарған.18 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар1892 жылы Санкт-Петерборда "Щелкунчик" балетінің тұсаукесері өтті;1958 жылы әлемдегі тұңғыш "SCORE" байланыс серігі орбитаға шығарылды;1987 жылы PERL программалау тілінің алғашқы нұсқасы шықты.18 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1992 жылы Қазақстан Республикасының "Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" заңы жарық көрді;2016 жылы хоккейден Қазақстанның құрамасы "Еврочеллендждің" жеңімпазы болды, Украина, Оңтүстік Корея мен Польшаны басып озып, бірінші орынды жеңіп алды.18 желтоқсанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар1921 жылы атақты кеңес және ресейлік актер, цирк актері (клоун), тележүргізуші, Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Юрий Никулин дүниеге келді;1946 жылы сценарист, продюсер және ең табысты америкалық кинорежиссерлердің бірі Стивен Спилберг дүниеге келді. Оның ең кассалық 20 фильмі (бюджеті 200 миллион доллардан асады) прокатта 8,4 млрд доллар жинады;1963 жылы америкалық актер және продюсер Брэд Питт дүниеге келді.1973 жылы 2002 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Ресейдің мәнерлеп сырғанау бойынша еңбегі сіңген спорт шебері Илья Авербух дүниеге келді.18 желтоқсанда Қазақстанда кім туды1934 жылы қазақстандық сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген әрі құрметті сәулетшісі Станислав Мордвинцев дүниеге келді.1944 жылы қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов дүниеге келді;1972 жылы мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқарып жүрген шенеунік Әлихан Смайылов дүниеге келді. Ол 2024 жылдан бастап қызметтегі Жоғары аудиторлық палата төрағасы қызметін атқарып жүр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/844/76/8447648_305:0:2194:1417_1920x0_80_0_0_2c6ddd9571a4e9c780457feb77c4e3ce.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
танымал есімдер, қызықты деректер, танымал тұлғалар, бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
танымал есімдер, қызықты деректер, танымал тұлғалар, бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 18 желтоқсан
18 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
18 желтоқсанда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін Халықаралық мигрант күні аталып өтеді. Жақсы өмір іздеген азаматтар өзінің елінен кетіп, мигранттардың қатарына қосылады. Дамып жатқан мемлекеттерде халық санының өсуі мен дамыған елдерде оның қысқаруына байланысты адамдардың көші-қоны жыл сайын өсіп келеді. Жергілікті тұрғындар мигранттарды жақтырмайды, олардың тәжірибесі мен білімімен бөлісіп, жұмыс күшімен қамтамасыз етіп жатқанын түсіне бермейді.
Сонымен қатар, бүгін – АХАЖ қызметкерлерінің күні. Дәстүр бойынша әлемде бұл мерекені азаматтық хал актілерін жазу органдарының барлық қызметкері атап өтеді. 1917 жылға дейін неке тіркеу, сондай-ақ қайтыс болған адамдарды тіркеу қызметін шіркеу атқарған.
18 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар
1892 жылы Санкт-Петерборда "Щелкунчик" балетінің тұсаукесері өтті;
1958 жылы әлемдегі тұңғыш "SCORE" байланыс серігі орбитаға шығарылды;
1987 жылы PERL программалау тілінің алғашқы нұсқасы шықты.
18 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1992 жылы Қазақстан Республикасының "Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" заңы жарық көрді;
2016 жылы хоккейден Қазақстанның құрамасы "Еврочеллендждің" жеңімпазы болды, Украина, Оңтүстік Корея мен Польшаны басып озып, бірінші орынды жеңіп алды.
18 желтоқсанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1921 жылы атақты кеңес және ресейлік актер, цирк актері (клоун), тележүргізуші, Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Юрий Никулин дүниеге келді;
1946 жылы сценарист, продюсер және ең табысты америкалық кинорежиссерлердің бірі Стивен Спилберг дүниеге келді. Оның ең кассалық 20 фильмі (бюджеті 200 миллион доллардан асады) прокатта 8,4 млрд доллар жинады;
1963 жылы америкалық актер және продюсер Брэд Питт дүниеге келді.
1973 жылы 2002 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Ресейдің мәнерлеп сырғанау бойынша еңбегі сіңген спорт шебері Илья Авербух дүниеге келді.
18 желтоқсанда Қазақстанда кім туды
1934 жылы қазақстандық сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген әрі құрметті сәулетшісі Станислав Мордвинцев дүниеге келді.
1944 жылы қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов дүниеге келді;
1972 жылы мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқарып жүрген шенеунік Әлихан Смайылов дүниеге келді. Ол 2024 жылдан бастап қызметтегі Жоғары аудиторлық палата төрағасы қызметін атқарып жүр.