Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,1%-ға ұлғайды

© Photo : Пресс-служба Министерства сельского хозяйства КазахстанаАуыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,1%-ға ұлғайды
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,1%-ға ұлғайды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2025
Жазылу
Майлы дақылдардың өнімі алғаш рет 4,7 млн тоннаға жеткен
АСТАНА, 17 желтоқсан - Sputnik. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2025 жылдың 11 айында 6,1%-ға ұлғайып, 9,2 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.
Ол өсім мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін 3,5%-ға, егін шаруашылығындағы өндіріс көлемін 7,6%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілгенін атап өтті.
© Photo : ҚР ҮкіметіАуыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,1%-ға ұлғайды
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,1%-ға ұлғайды
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2025
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,1%-ға ұлғайды
"Дәстүрлі дақылдардың тұрақты жоғары өнімділігіне қарамастан, биыл майлы және бұршақ дақылдары да айқын өсім көрсетті. Мәселен, 1,1 млн тоннадан астам көлемде бұршақ дақылдарының рекордтық өнімі алынды", - деді Сұлтанов.
Вице-министр майлы дақылдардың өнімі алғаш рет 4,7 млн тоннаға жеткенін айтты. Мұндай көрсеткіштерге егін егу және жинау жұмыстарына жеңілдікпен 750 млрд теңге қаржы бөлінгені ықпал етіп отыр, деді ол.
Сондай-ақ министрдың сөзінше, биыл алынған астық көлемі ішкі нарықтың қажеттілігін толық өтейді. Экспорт көлемін ұлғайтуға да мүмкіндік береді.
Ол 2024-2025 маркетингтік жыл ішінде Қазақстан 13,4 млн тонна астық экспорттағанын, бұл алдыңғы ұқсас кезеңнен 47%-ға артық және соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш екенін атап өтті.
"Бүгінгі таңда 3,4 млн тонна жаңа астық экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 20%-ға көп. Экспорттық әлеует шамамен 13 млн тоннаны құрайды", — деп атап өтті Азат Сұлтанов.
Қазақстан мен Ресей ауыл шаруашылығы дақылдарының 32 бірлескен сортын әзірледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2025
Қазақстан мен Ресей ауыл шаруашылығы дақылдарының 32 бірлескен сортын әзірледі
Жаңалықтар
0