https://sputnik.kz/20251217/qazaqstan-abu-dabidegi-bolashaq-oyyndaryna-qatysady-59666056.html
Қазақстан Әбу-Дабидегі Болашақ ойындарына қатысады
Қазақстан Әбу-Дабидегі Болашақ ойындарына қатысады
Sputnik Қазақстан
Фиджитал бойынша жарыстар 18-23 желтоқсан аралығында өтеді 17.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-17T19:38+0500
2025-12-17T19:38+0500
2025-12-17T19:48+0500
баә
жарыс
баскетбол
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/11/59660983_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_adea90d76ecfe228b59a35453e737f92.jpg
АСТАНА, 17 желтоқсан - Sputnik. Ертең Әбу-Дабиде Болашақ ойындары басталады.Болашақ - 2026 ойындарын ұйымдастыру және өткізу дирекциясының хабарлауынша, аренаға қазақстандық ойыншылардың қатысуымен UEL Team, PBC Astana және XGoat спорт клубтары шығады.БАӘ-де The Games of the Future Abu Dhabi 2025 powered by ADNOC халықаралық турнирі өтеді. Топтық кезеңде UEL Team, PBC Astana және XGoat қарсыластары жеребе арқылы анықталды.Спорт клубтары қомақты жүлде қоры үшін таласады:Сондай-ақ командалар өз ойын түрлері бойынша чемпион болу құқығы үшін таласады, онда цифрлық және физикалық кезеңдер бір жекпе-жекке біріктіріледі.Фиджитал-футболдан UEL Team командасы А тобында ойнайды, Қарағандылық команданың қарсыластары Greni Smith, Mexq және Red Moon.Биыл жазда UEL Team Астанадағы Road to Abu Dhabi іріктеу турнирінде жеңіске жетті және сол арқылы Қазақстанның атынан халықаралық аренада өкілдік ету құқығына ие болды.PBC Astana баскетбол клубы фиджитал-баскетболда В тобында өнер көрсетеді. Команда плей-оффқа шығу үшін тартысқа түсетін клубтар арасында Bad Boys, Moskovsky және Uzbig Team бар.XGoat командасы - The Games of the Future Abu Dhabi 2024 жеңімпазы CS2 фиджитал-шутерде Liga Pro Team, Enfastpls, Intersellars Apollo, E7, Minsk House, Mexico Quetzales және Donstu Esports командаларымен кездеседі.The Future Abu Dhabi 2025 powered by ADNOC ойындары 18-23 желтоқсан аралығында Әбу-Дабиде (БАӘ) өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер үшін бұл UEL Team, PBC Astana және XGoat-ты әлемнің мықты командаларымен күресте қолдау мүмкіндігі. Сондай-ақ отандық спортшылар әлемдік спорттың жаңа тренді - фиджитал-жарыстарда Қазақстанның намысын қалай қорғап жатқанын көре алады.Фиджитал-спорт - бұл цифрлық технологиялар мен физикалық белсенділікті біріктіретін ойын әлеміндегі жаңа бағыт. Бұл спорт виртуалды ойындар мен нақты физикалық жаттығулардың үйлесімі қатысушылар үшін ерекше тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.Турнир алғаш рет 2024 жылы қазанда өтті. Үшінші ойындар Қазақстанда 2026 жылдың жазында өтеді.
https://sputnik.kz/20250610/qazaqstandyq-onerpazdar-slavyan-bazary-festivaline-qatysady---54490452.html
баә
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/11/59660983_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_0d32b1dc5db03f834dc9c358ce18258b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баә, жарыс, баскетбол
Қазақстан Әбу-Дабидегі Болашақ ойындарына қатысады
19:38 17.12.2025 (жаңартылды: 19:48 17.12.2025) Фиджитал бойынша жарыстар 18-23 желтоқсан аралығында өтеді
АСТАНА, 17 желтоқсан - Sputnik. Ертең Әбу-Дабиде Болашақ ойындары басталады.
Болашақ - 2026 ойындарын ұйымдастыру және өткізу дирекциясының хабарлауынша, аренаға қазақстандық ойыншылардың қатысуымен UEL Team, PBC Astana және XGoat спорт клубтары шығады.
БАӘ-де The Games of the Future Abu Dhabi 2025 powered by ADNOC халықаралық турнирі өтеді. Топтық кезеңде UEL Team, PBC Astana және XGoat қарсыластары жеребе арқылы анықталды.
Спорт клубтары қомақты жүлде қоры үшін таласады:
фиджитал-футбол - 400 мың доллар;
фиджитал-баскетбол - 500 мың доллар;
CS2 фиджитал-шутер - 150 мың доллар.
Сондай-ақ командалар өз ойын түрлері бойынша чемпион болу құқығы үшін таласады, онда цифрлық және физикалық кезеңдер бір жекпе-жекке біріктіріледі.
"Мұндай формат бәсекелестікті күшейтеді және біздің командалардың қатысуы қазақстандық спорт үшін ерекше маңызға ие екенін көрсетеді. Өйткені ойындарда әлемнің 100-ден астам елінен 2000-нан астам қатысушы бақ сынайды", - дейді дирекцияда.
Фиджитал-футболдан UEL Team командасы А тобында ойнайды, Қарағандылық команданың қарсыластары Greni Smith, Mexq және Red Moon.
Биыл жазда UEL Team Астанадағы Road to Abu Dhabi іріктеу турнирінде жеңіске жетті және сол арқылы Қазақстанның атынан халықаралық аренада өкілдік ету құқығына ие болды.
PBC Astana баскетбол клубы фиджитал-баскетболда В тобында өнер көрсетеді. Команда плей-оффқа шығу үшін тартысқа түсетін клубтар арасында Bad Boys, Moskovsky және Uzbig Team бар.
"PBC Astana 2025 жылы Астанада Ұлттық іріктеуден өтті және қазір фиджитал-форматты көрсетуде, онда классикалық баскетбол цифрлық кезеңмен толықтырылады", - деді дирекцияда.
XGoat командасы - The Games of the Future Abu Dhabi 2024 жеңімпазы CS2 фиджитал-шутерде Liga Pro Team, Enfastpls, Intersellars Apollo, E7, Minsk House, Mexico Quetzales және Donstu Esports командаларымен кездеседі.
The Future Abu Dhabi 2025 powered by ADNOC ойындары 18-23 желтоқсан аралығында Әбу-Дабиде (БАӘ) өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер үшін бұл UEL Team, PBC Astana және XGoat-ты әлемнің мықты командаларымен күресте қолдау мүмкіндігі. Сондай-ақ отандық спортшылар әлемдік спорттың жаңа тренді - фиджитал-жарыстарда Қазақстанның намысын қалай қорғап жатқанын көре алады.
Фиджитал-спорт - бұл цифрлық технологиялар мен физикалық белсенділікті біріктіретін ойын әлеміндегі жаңа бағыт. Бұл спорт виртуалды ойындар мен нақты физикалық жаттығулардың үйлесімі қатысушылар үшін ерекше тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.
Турнир алғаш рет 2024 жылы қазанда өтті. Үшінші ойындар Қазақстанда 2026 жылдың жазында өтеді.