Павлодар облысында құны 100 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

© Sputnik / Владислав ВодневЖайылымдық жер
Жайылымдық жер - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2025
Жазылу
Шаруашылық айналымына енгізілмеген жерлердің жалпы аумағы екі жүз гектардан асты
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысында құны 101 млн теңге болатын мүлік мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады бас прокуратура.
Ақтоғай ауданының прокуратурасы мемлекет мүдделерін қорғау және жер ресурстарын заңды әрі тиімді пайдалану бойынша жүргізілген жұмыс аясында жер заңнамасының талаптарының бұзылуын анықтады.
Атап айтқанда, талдау барысында "Жанабет" шаруа қожалығына тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұзақ уақыт бойы пайдаланылмағаны анықталды.
Аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті пайдаланылмаған учаскелерді мәжбүрлеп алу туралы талап-арызды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жолдады.
Шаруашылық айналымына енгізілмеген жерлердің жалпы аумағы екі жүз гектардан асты. Жалға алу шарттары бұзылып, учаскелер мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Әкімдік қаулысымен бағалау құны 100 млн теңгеден асатын жер учаскелері мемлекет меншігіне ресімделді.
Пайдалы қазба орны - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2025
Құны 600 млн теңгеден асатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Жаңалықтар
0